Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
апрель
2025

Оқушылар Әлия Молдағұлова атындағы көшесіне барды

Бүгін лицей оқушылары Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай Әлия Молдағұлова атындағы көшеге барды. Бұл күн — батырлық пен ерліктің мәңгілік естелігі, ержүрек жауынгерлеріміздің рухына тағзым ету күні.
Әлия Молдағұлова — қазақтың қаһарман қызы, ерлік пен батылдықтың символы. Ол майдан даласында өз өмірін Отан қорғауға арнап, елге деген шексіз сүйіспеншілігін дәлелдеді. Оның ерлігі — әрбір қазақ жүрегінде мәңгі сақталар ерлік үлгісі.
Бұл күн — ерлікті ұлықтайтын, бейбітшілік үшін күрескен жандарды еске алатын ерекше сәт. Әлиядай батырларымыздың рухы асқақтап, есімдері ұмытылмайды.