20
март
2025
Наурыз мерекесіне арналған концерттік бағдарлама өткізілді
20.03.2025ж.Лицейімізде Наурыз мерекесіне арналған концерттік бағдарлама өтті.
🔆Наурыз мейрамы – көктемнің шуақты мерекесі, жаңару мен жақсылықтың бастауы. Осыған орай лицейімізде Наурыз мерекелік концерттік бағдарламасы ұйымдастырылды. Іс-шараға мектеп ұжымы мен оқушылар белсене атсалысып, Наурыздың ұлттық құндылықтарын дәріптеуге ерекше үлес қосты.
🔆Мерекелік бағдарлама аясында мектеп директоры Шажабаева Кульжан Сауытовнаның қолдауымен Республикалық қуыршақ театры арнайы шақырылып, жас көрермендерге арналған “Наурыз – Көктем” қойылымын ұсынды. Бұл қойылымды 5-8 сынып аралығындағы оқушылар тамашалап, ұлттық дәстүрлер мен көктемгі жаңарудың мән-мағынасын сахналық көріністер арқылы сезінді.💐💐💐
🔆Көрермендер ерекше әсер алып, қойылымнан кейін қуаныштарын білдіріп, Наурыздың шынайы рухын сезінді. Осындай іс-шаралар ұлттық мәдениетімізді дәріптеп, өскелең ұрпаққа салт-дәстүр мен ұлттық өнердің құндылығын терең түсінуге мүмкіндік береді.