Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
22
ноябрь
2024

Эко-жоба байқауы

22.11.2024ж.«Жасыл мектеп» жобасы аясында 8 сынып оқушылары арасында эко-жоба байқауы ұйымдастырылды. «Жасыл мектеп» жобасының мақсаты – оқушыларды қоршаған ортаны қорғауға баулу, экологиялық мәдениетті дамыту және табиғатқа деген жауапкершілік сезімін арттыру. Үздік жобалар экологиялық маңызы мен шығармашылық тәсілдері үшін марапатталды. Оқушылар өз идеяларын ұсыну арқылы табиғатқа қамқорлық жасаудың қаншалықты маңызды екенін көрсетті. 
Іс-шара барысы:
✅ Байқауға әр сынып командасы өздерінің ерекше идеяларымен қатысты.
✅ Жобалар түрлі тақырыптарды қамтыды:
  • Қоқысты қайта өңдеу жолдары;
  • Мектеп ауласын көгалдандыру;
  • Су ресурстарын үнемдеу тәсілдері;
  • Пластикті қолдануды азайту бойынша ұсыныстар.