«Жас Ұлан» ұйымына салтанатты қабылдау
17.12.2025ж. М. Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейінде 5-сынып оқушылары «Жас Ұлан» ұйымына салтанатты түрде қабылданды! 🏫 Мектеп директоры Шажабаева Кульжан Сауытовна жас ұландарды елін сүйетін ❤️, білімді 📚, белсенді 🌟 азамат болуға шақырды. 🎶 Мемлекеттік Әнұран орындалып,білім сайыстары ұйымдастырылды,🎯 ұлттық ойындар — асық ату мен тымақ ұру ойналды. Бұл күн оқушылардың елжандылық рухын арттырды! ✨ Жас ұландар! Еліңе адал, саналы да тәрбиелі азамат болып өсіңдер!