Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Біліктілікті арттыру курсы ұйымдастырылды
08
апрель
2026
Біліктілікті арттыру курсы ұйымдастырылды
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасы және Ресей ынтымақтастығының Қазақстан Республикасындағы өкілдігі (Алматы қ.) бірлесіп, ағымдағы жылдың 06–08 сәуір күндері «Модерация и методы активного общения с читателями. Теоретическая и практическая часть» тақырыбында біліктілікті арттыру курсын ұйымдастырды. 📖 Үш күнге созылған курс барысында Алматы қаласының кітапханашылары заманауи әдістермен танысып, теориялық білімдерін тәжірибелік ойындар
Көрме: "Ахмет Жұбановтың туғанына 120 жыл"
08
апрель
2026
Көрме: "Ахмет Жұбановтың туғанына 120 жыл"
9 «Б»сынып оқушылары Орталық музейге барып, Ахмет Жұбановтың туғанына 120 жыл толуына орай ұйымдастырылған көрмені тамашалады. Оқушылар қазақ музыка өнерінің көрнекті тұлғасының өмірі мен шығармашылығымен танысып, рухани азық алып қайтты. Мұндай мәдени шаралар жас ұрпақтың өнерге деген қызығушылығын арттырып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге үлкен үлес қосады. ✨ Танымға толы әсерлі күн болды!
Гроссмейстер Дәрмен Қанатұлы Сәдуақасовтың арнайы шеберлік сағаты
07
апрель
2026
Гроссмейстер Дәрмен Қанатұлы Сәдуақасовтың арнайы шеберлік сағаты
«Қазақстан» қонақ үйіндегі ерекше кездесу: №92 лицей оқушылары гроссмейстерден дәріс алды Алматы қаласының символына айналған зәулім «Қазақстан» қонақ үйінің салтанатты залында Махатма Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицей оқушылары үшін айтулы шара өтті. Лицейдің жас зияткерлері әлемге танымал шахматшы, халықаралық гроссмейстер Дәрмен Қанатұлы Сәдуақасовтың арнайы шеберлік сағатына (мастер-класс) қатысты. «Қазақстан» қонақ үйінде өткен бұл кездесу оқушылар үшін жай ғана сабақ емес, үлкен
Физика-Информатика айлығының салтанатты ашылуы өтті
06
апрель
2026
Физика-Информатика айлығының салтанатты ашылуы өтті
06.04.2026 ж. М.Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейде Физика-Информатика айлығының салтанатты ашылуы өтті! 🔬⚡ Айлықтың мақсаты — оқушылардың ғылымға деген қызығушылығын арттырып, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, заманауи технологияларды терең меңгеруге бағыт беру. Ашылу барысында қызықты тәжірибелер көрсетіліп, оқушылар белсенді қатысып, өз білімдерін шыңдауға мүмкіндік алды 💡💻 Алда бізді түрлі сайыстар, жобалар, зияткерлік ойындар мен ерекше іс-шаралар күтуде! 📌 Бізбен бірге
Сынып сағаты: «Денсаулық – зор байлық»
06
апрель
2026
Сынып сағаты: «Денсаулық – зор байлық»
06.04.2026 ж.9«А» сыныбында «Денсаулық – зор байлық» тақырыбында сынып сағаты ұйымдастырылды. Сынып сағаты барысында оқушылар денсаулықтың адам өміріндегі маңызы туралы ой бөлісіп, салауатты өмір салтын ұстанудың негізгі қағидаларымен танысты. 🎯 Мақсаты: Оқушыларды салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу, тазалыққа, ұқыптылыққа және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға баулу. Сабақ барысында түрлі пікірталастар, сұрақ-жауаптар және танымдық тапсырмалар ұйымдастырылып, оқушылар белсенділік
Гүлдер отырғызу акциясы
04
апрель
2026
Гүлдер отырғызу акциясы
Лицей ауласын көркейту, табиғатты аялау мақсатында гүлдер отырғызу акциясы ұйымдастырылды. Аталған акцияға белсене қатысып, өз үлестерін қосқан лицей мұғалімдері мен ата-аналарға бірлік пен жанашырлықтың үлгісін көрсеткендеріңіз үшін алғыс білдіреміз.
Шахмат үйірмесі
31
март
2026
Шахмат үйірмесі
31.03.2026ж.М. Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейде шахмат үйірмесі өткізілді♟️ Үйірме барысында оқушылар шахматтың негізгі ережелерін қайталап, түрлі тактикалық тәсілдерді меңгерді. Қатысушылар өзара ойын өткізіп, логикалық ойлау қабілеттерін дамытты. Шахмат – тек ойын ғана емес, ол сабырлылық пен стратегиялық ойлауды қалыптастыратын ерекше өнер. Осындай үйірмелер арқылы оқушылардың зияткерлік деңгейі артып, қызығушылығы одан әрі дамуда. Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз! 
Сынып сағаты: «Жасыл мектеп»
30
март
2026
Сынып сағаты: «Жасыл мектеп»
30.03.2026 ж. мектепте 10 «А» сыныбында «Жасыл мектеп» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. 🎯 Мақсаты: Оқушыларға экологиялық мәдениет қалыптастыру, табиғатты қорғаудың маңызын түсіндіру. ✨ Сынып сағаты барысында: – Қоқысты сұрыптау жолдары түсіндірілді; – Көгалдандырудың маңызы туралы айтылды; – Су мен энергияны үнемдеу тәсілдері талқыланды; – Қоршаған ортаны қорғауға бағытталған жұмыстар жүргізілді. 🌿 Табиғатты қорғау – әрбір адамның міндеті. Жасыл болашақ – өз қолымызда! Оқушылар белсенді