Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
23
январь
2026

Ашық сабақ: “Germs”

Шет тілдер кафедрасының онкүндігі аясында 2026 жылдың 23 қаңтарында ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Кулжан Шолпан Шоханкызы 6 «Ә» сыныбымен CLIL кіріктірілген әдісі бойынша “Germs” тақырыбында ашық сабақ өткізді.
🎯 Сабақтың мақсаты:
Оқушылардың ағылшын тілінде оқу және сөйлеу дағдыларын дамыту, биология пәнімен байланыстыра отырып микробтар туралы білімдерін кеңейту, денсаулыққа қатысты лексиканы және must / mustn’t модаль етістіктерін күнделікті өмірде дұрыс қолдануға үйрету.
🧩 Сабақтың өту барысы:
Сабақ барысында оқушылар «дәрігерлер» рөлінде жұмыс жасап, жеке, жұптық және топтық тапсырмаларды белсенді орындады.
“Spin the Wheel”, “True / False”, “Chain Reading”, “DOs and DON’Ts” әдістері арқылы мәтінмен жұмыс жүргізіліп, оқушылар өз ойларын ағылшын тілінде еркін жеткізді.
Көрнекі құралдар мен заманауи технологияларды қолдану сабақтың мазмұнын байытып, оқушылардың қызығушылығын арттырды.
✅ Қорытынды:
Ашық сабақ жоғары деңгейде, мазмұнды әрі жүйелі өтті. Оқушылардың белсенділігі, пәндер арасындағы байланысты түсінуі және коммуникативтік дағдылары айқын байқалды. CLIL әдісінің тиімділігі толық дәлелденді.
✨ Сабақ тәжірибе алмасуға арналған құнды, үлгі боларлық деңгейде өтті.