Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Әдеби кеш: «Өлеңмен өрілген өмір»
18
апрель
2025
Әдеби кеш: «Өлеңмен өрілген өмір»
18.04.2025ж. күні «Мектептен тыс оқыту-білім көзін кеңейту» жобасы аясында Жамбыл атындағы жасөспірімдер кітапханасында өткен ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Оразақын Асқардың туғанына 90 жыл толуына орай өткен «Өлеңмен өрілген өмір» атты әдеби кешке лицейдің 8 «В» сынып оқушылары, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі З.А. Алмешова, директордың бейіндік оқыту жұмысы жөніндегі орынбасары М.Б. Абылқасым қатысты. Лицей оқушылары ақынның өлеңдерін оқып, алғыс хатпен марапатталды.
Іс-шара: "Тұманбай Молдағалиевтің туғанына 90 жыл"
10
апрель
2025
Іс-шара: "Тұманбай Молдағалиевтің туғанына 90 жыл"
⚜️«Қазақтың көрнекті ақыны – Тұманбай Молдағалиевтің туғанына 90 жыл» тақырыбында  сырлы  өлеңдерді жандандыру іс-шарасы өткізілді. 🔰Мақсаты: Тұманбай Молдағалиевтың ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату  арқылы поэзияны сүюге, оны бағалай білуге, сыршыл да сыншыл ақын өлеңдерінің мәні мен маңызына үңілдіруге, рухани танымын кеңейтүге ықпал ету.
Жамбыл атындағы жасөспірімдер кітапханамен меморандумға қол қойылды
08
апрель
2025
Жамбыл атындағы жасөспірімдер кітапханамен меморандумға қол қойылды
08.04.2025ж. күні Жамбыл атындағы жасөспірімдер кітапханасы мен Махатма Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицей екі жақты келіссөз жасасып, меморандумға қол қойды.
Танымдық сабақ: «Қазақстан және шетел халқы ертегілері»
25
февраль
2025
Танымдық сабақ: «Қазақстан және шетел халқы ертегілері»
25.02.2025ж.Мектеп оқушыларына оқуға ұсынылатын « 100 кітап» жобасы аясында: «Қазақстан және шетел халқы ертегілері» тақырыбында танымдық сабақ өткізілді. 🔰Мақсаты : Ертегілер жинағын оқушылар оқи отырып, әр елдің ғасырлар бойы жинақталған тарихи даналықтарын, салт-дәстүрлерін, мәдениетін зертеуге бағыттау, сонымен қатар ертегілер әлемі оқырмандардың көңіл күйін көтере отырып, болашақ өмірде қажетті сабақ алуға, өз пікірін қалыптастыруға дағдыландыру.  Қатысқан сынып: 5 Ә сынып  оқушылары. 
«КЕМЕL» олимпиадасы
19
февраль
2025
«КЕМЕL» олимпиадасы
19.02.2025ж.«Алматы дарыны » орталығы «KEMEL» қалалық физика-математика мектебімен бірлесе отырып, математика пәні бойынша 1-6 сыныптар арасында «КЕМЕL» олимпиадасының мектепішілік кезеңіне лицейдің 5-6 сынып оқушылары қатысты.
Көрме: «Жаңа келіп түскен көркем әдебиеттерді насихаттау»
13
февраль
2025
Көрме: «Жаңа келіп түскен көркем әдебиеттерді насихаттау»
13.02.2025ж. М.Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицей кітапханасында «Жаңа келіп түскен көркем әдебиеттерді насихаттау» тақырыбында көрме өткізілді. 🔰Мақсаты: Оқуға деген қызығушылығын арттыру және жаңа келіп түскен көркем әдебиеттермен таныстыру Пауло Коэлью – Заһир романы, Франц Кафка – Құбылу повесть ,  Френк Герберт - Құмбел романы,  Антон Чехов – Ваня ағай салт-дәстүр мен отбасылық құндылықтар туралы драма, Джек Лондон – Теңіз қорқауы  шытырман оқиғаларға толы роман, Джордж Оруэл – Мал
Ғылыми танымдық сабақ: «Кішкентай пластиктің үлкен проблемасы»
21
январь
2025
Ғылыми танымдық сабақ: «Кішкентай пластиктің үлкен проблемасы»
21.01.2025ж.6 «А» сынып оқушыларының қатысуымен «Кішкентай пластиктің үлкен проблемасы» тақырыбында ғылыми танымдык сабақ өткізілді. 🔰Мақсаты: Оқушыларды пластиктер және микропластиктер жайлы мағлұматтармен таныстыру, микропластиктен ластануды азайтуға ат салысуға бағытау, сонымен қатар экологиялық талқылау, оқушылардың сөздік қорын молайту, сыни ойлауын дамыту. Сарапшылар: 10 «А»,«Б»  сынып оқушылары.
«Жас Ұлан» ұйымының құрамына қабылдау рәсімі
13
декабрь
2024
«Жас Ұлан» ұйымының құрамына қабылдау рәсімі
13.12.2024ж. күні Махатма Ганди атындағы Nº92 мамандандырылған лицейінің, 5-сынып оқушыларының Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының құрамына қабылдау  рәсіміне арналған салтанатты жиын өтті. Жас Ұлан - қоғамдық өмірде, тұрмыста,қазақ ұлттық болмыста, халыктық келбетпен қалыпты сақтай отырып, ата-анасын шынайы сыйлап, олардың өнегелі қасиеттерін бойға сіңіріп өсиеттерін орындауды перзенттік парыз деп түсінеді.
Әдеби кеш: «Балалар әдебиетінің бәйтерегі – Б.Соқпақбаев»
01
октябрь
2024
Әдеби кеш: «Балалар әдебиетінің бәйтерегі – Б.Соқпақбаев»
01.10.2024ж.Лицей кітапханасында 6«А» сынып оқушыларының қатысуымен «Балалар әдебиетінің бәйтерегі – Б.Соқпақбаев» атты тақырыпта әдеби кеш өткізілді. 🔰Мақсаты: Оқушылардың  патриоттық сезімдерін дамыту, батырлық бейнесіне жетелеу, ұлтжандылыққа, парасаттылыққа тәрбиелеу. ❇️Көрнекілігі : презентация, бейне фильмнен үзінді, Б.Соқпақбаевтың шығармаларынан үзінді,Б.Соқпақбаев шығармалары (кітаптар). ❇️Қатысқандар: 6 А сынып оқушылары, қазақ тілі және қазақ әдебиет пән мұғалім Назарбекова М. тарих
Көрме: «Жауынгерлік парақ»
26
сентябрь
2024
Көрме: «Жауынгерлік парақ»
26.09.2024ж. Махатма Ганди атындағы №92 маман дандырылған лицей кітапханасында Ұлы Отан соғысындағы майданда ерліктің өшпес үлгісін көрсеткен қазақтың қайтпас қайсар ұлы,Рейхстагқа Жеңіс туын тіккен ҚР-ның Халық қаһарманы «Ұлттың  ұлы тулғаласы Рахымжан Қошқарбаевтың туғанына – 100 жыл» мерейтойына орай «Жауынгерлік парақ» атты тақырыпта көрме өткізілді. 🔰Мақсаты: -Оқушыларды патриоттық сезімдерін дамыту, батырлық бейнесіне жетелеү ,ұлтжандылыққа, парасаттылыққа тәрбиелеу.