Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Ашық сабақ: «Иіндіктің тепе-теңдік шарты»
17
апрель
2026
Ашық сабақ: «Иіндіктің тепе-теңдік шарты»
17.04.2026 күні Физика-Информатика айлығы аясында физика пәнінің мұғалімі Рамазанова Ақбаян Азаматқызы 7 «Ә» сыныбында «Иіндіктің тепе-теңдік шарты» тақырыбында ашық сабақ өткізді. ⚙️ Сабақтың мақсаты – тепе-теңдікте тұрған денелер үшін күш моменттер ережесін тұжырымдау және оны есептер шығаруда тиімді қолдану. 🔬 Оқушылар сабақ барысында иіндік тепе-теңдігіне қатысты заңдылықтарды меңгеріп, практикалық есептер арқылы білімдерін бекітті.
«Медиация» жобасы сәтті қорытындыланды
17
апрель
2026
«Медиация» жобасы сәтті қорытындыланды
«Медиация» жобасы – өз нәтижесін көрсетті Лицейімізде оқушылар арасындағы келіспеушіліктерді бейбіт жолмен шешу мәдениетін қалыптастыру, медиация тәсілдерін үйрету және қолайлы психологиялық ахуал орнату мақсатында жүзеге асқан «Медиация» жобасы сәтті қорытындыланды. Жоба нәтижесінде оқушылар арасында достық қарым-қатынас нығайып, өзара түсіністік пен қолдау мәдениеті қалыптасты. Медиация дағдыларын меңгерген оқушылар жанжалдарды бейбіт жолмен шешуге үйреніп, мектепте жағымды психологиялық орта
Лицей оқушылары арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары
16
апрель
2026
Лицей оқушылары арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары
Лицей оқушылары арасында ақпараттық-түсіндіру және профилактикалық жұмыстар жүргізу, оқушылар мен олардың ата-аналарының құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында лицей инспекторы Ергешқызы Айна және ДТЖЖО Кенжебаев Жандос түсіндірме жұмыстарын жүргізді
Кітап кқрмесі:  «Ертегілер елінде»
15
апрель
2026
Кітап кқрмесі: «Ертегілер елінде»
Балалар әдебиеті – рухани тәрбие бастауы Ұлттық кітап күні қарсаңында лицей кітапханасында «Ертегілер елінде» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрме 5–11 сынып оқушылары мен мұғалімдерге арналды. Шараның мақсаты – жас ұрпақтың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, олардың рухани дүниесін байыту. 📖 Көрмеде ұсынылған әдебиеттер: – анықтамалық кітаптар – балалар энциклопедиялары – ертегілер жинағы – романдар мен триллерлер – прозалық шығармалар Барлық кітаптар қазақ және орыс тілдерінде
Fizmat Chess Open-2026
15
апрель
2026
Fizmat Chess Open-2026
Fizmat Chess Open 2026 Турнир қорытындысы бойынша Махатма Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейінің 6 “Б” сынып оқушысы Айтмуханов Арсен тамаша ойын көрсетіп, 3-орын иеленді! 🥉 Турнир барысында Арсен мықты қарсыластармен кездесіп, табандылық пен жоғары шеберлігін көрсете білді. Әр партияда сабырлылық пен стратегиялық ойлауын дәлелдеп, жүлделі орынға лайықты өнер көрсетті. Арсенді осы жетістігімен құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда одан да биік белестерді бағындыруына тілектеспіз! ♟️
5th Open Chess Menorca халықаралық турнирі
14
апрель
2026
5th Open Chess Menorca халықаралық турнирі
5th Open Chess Menorca халықаралық турнирінде Махатма Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейінің 6 “Б” сынып оқушысы Қуандықұлы Данис жақсы ойын көрсетіп, лайықты нәтижеге қол жеткізді ♟️ Гроссмейстер және халықаралық шебер қарсыластарымен өткен тартысты партияларда Данис өзінің шеберлігін, табандылығын және жеңіске деген жігерін көрсете білді. Әр партия – тәжірибе, әр турнир – жаңа белес. Даниске алдағы жарыстарда бұдан да үлкен жетістіктер тілейміз! 🔥 Алға, жаңа жеңістерге!