Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
5th Open Chess Menorca халықаралық турнирі
14
апрель
2026
5th Open Chess Menorca халықаралық турнирі
5th Open Chess Menorca халықаралық турнирінде Махатма Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейінің 6 “Б” сынып оқушысы Қуандықұлы Данис жақсы ойын көрсетіп, лайықты нәтижеге қол жеткізді ♟️ Гроссмейстер және халықаралық шебер қарсыластарымен өткен тартысты партияларда Данис өзінің шеберлігін, табандылығын және жеңіске деген жігерін көрсете білді. Әр партия – тәжірибе, әр турнир – жаңа белес. Даниске алдағы жарыстарда бұдан да үлкен жетістіктер тілейміз! 🔥 Алға, жаңа жеңістерге! 
Ашық сабақ: «Жай механизмдер»
14
апрель
2026
Ашық сабақ: «Жай механизмдер»
14.04.2026 күні Физика-Информатика айлығы аясында физика пәнінің мұғалімі Рахимов Жанболат 7 «В» сыныбында «Жай механизмдер» тақырыбында ашық сабақ өткізді. ⚙️ Сабақтың мақсаты – жай механизмдердің түрлерін таныстыру, олардың жұмыс істеу принциптерін түсіндіру және күнделікті өмірде қолданылуын көрсету. 🔬 Оқушылар сабақ барысында жай механизмдерге қатысты теориялық білімдерін меңгеріп, практикалық тапсырмалар арқылы білімдерін нығайтты.