Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Лицей ұстаздары шеберлік сабақ өтті
20
январь
2025
Лицей ұстаздары шеберлік сабақ өтті
20.01.2025ж.М.Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицей ұстаздары: 1) Физика пәні мұғалімі Қанафина Жаңагүл Несіпбайқызы «Оқшылардың ғылыми танымдық дағдыларын қалыпастыру арқылы шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту және ғылыми-зерттеу үдерісіне баулу»  2) Ағылшын тілі пәні мұғалімі Алимбекова Халима «XXI ғасыр оқушыларының ағылшын фукнционалдық сауаттылықтарын арттырудағы негізгі дағдыларды дамыту» тақырыптары бойынша шебер сабақ көрсетіп,өз тәжірбиелерімен бөлісті.
Кәсіби бағдар беру жұмыстары
20
январь
2025
Кәсіби бағдар беру жұмыстары
 20 қаңтар 2025 жылы KIMEP университетінде кәсіби бағдар беру жұмыстары сәтті өткізілді. Іс-шара барысында университеттің өкілдері талапкерлерге білім беру бағдарламалары, оқуға түсу талаптары, сондай-ақ студенттік өмірдің ерекшеліктері туралы толық ақпарат берді. Бұл мүмкіндік жастарға болашақ мамандықты дұрыс таңдауға, жоғары білім алудың артықшылықтарын түсінуге және университеттің мүмкіндіктерімен танысуға көмектесті. 🔗 KIMEP университетінде білім алу сіздің болашағыңызға сенімді қадам
Сынып сағаты: «Тарихқа құрмет»
20
январь
2025
Сынып сағаты: «Тарихқа құрмет»
20.01.2025ж.7 «В» сыныбында «Тарихқа құрмет» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. 🔰Мақсаты: -жас ұрпақты тарихи құндылықтарымызбен таныстыру, тарихи ескерткіштеріміз – мәдени мұраларымызды қастерлеп сақтауға, құрметтеуге шақыру.  -Ескерткіштер туралы оқушыларға мағлұмат беру, түрімен таныстыру, көненің көзі, болашаққа аманат екенін түсіндіру. - Ұлттық тарих үшін ерекше маңызы бар елеулі мәдени-тарихи және сәулет ескерткіштері арқылы оқушыны ұлтжандыққа тәрбиелеу.
Республикалық «Зерде» конкурсының қалалық кезеңі
20
январь
2025
Республикалық «Зерде» конкурсының қалалық кезеңі
2-7 сынып оқушылары арасында зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларынан XX Республикалық «Зерде» конкурсының қалалық кезеңінің Этномәдениеттану секциясы бойынша  6«А» сынып оқушылары: 1.Иманғали Нұртас 2.Каримтаева Фатима II дәрежелі дипломдарымен марапатталды. Жетекшісі:Назарбекова Мейрамкуль
Сынып сағаты:  ”Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп…”
20
январь
2025
Сынып сағаты: ”Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп…”
20.01.2025 күні 10 “А” сыныбында ”Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп…” тақырыбында  сынып сағаты өтілді.  🔰Мақсаты: -Оқушыларға Абайдың өлеңдеріндегі құндылықтар жайында айту; -Әділдік, адалдық ұғымдарының мағынасын ашу; -Тәрбие деген ұғымды кеңінен түсіндіру.  Апта дәйексөзі: “Әділ заң-аспан тірегі” деген сөзден басталды және қауіпсіздік шараларына қатты көңіл бөлінді. Сынып жетекшісі: Жоламанова С.