Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Лицейдің асханасының жұмыстарын тексеру
16
январь
2025
Лицейдің асханасының жұмыстарын тексеру
Махатма Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейдің асхана жұмысының қадағалау және тамақ сапасын бақылау мақсатында тамақтану сапасына №9 мониторингтік тексеру жұмысы Бракераждық комиссия мүшелері тарапынан жүргізілді. Бракераждық комиссия мүшелері асхананың жұмысын жүйелі түрде бақылап, оқушылардың денсаулығын сақтау, олардың дұрыс тамақтануын қамтамасыз ету бойынша ұтымды ұсыныстар жасады.  
Қазақстан білім олимпиадасы
16
январь
2025
Қазақстан білім олимпиадасы
Қазақстан білім олимпиадасында 3-орын және қола медаль иеленген 10 «В» сынып оқушысы Мұхаметқали Арайлымды үлкен жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл жеңіс — тек Арайлымның ғана емес, сонымен қатар оның біліміне бағыт-бағдар берген жетекшісі Матаева Қарлығаш ұстазымыздың еңбегінің нәтижесі. Арайлымның табандылығы мен ұстазының қолдауы мектеп үшін үлкен мақтаныш! Алдағы уақытта бұдан да биік шыңдарды бағындыруларыңа тілектеспіз!