Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Лицейдің асханасының жұмыстарын тексеру
25
декабрь
2024
Лицейдің асханасының жұмыстарын тексеру
Махатма Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейдің асхана жұмысының қадағалау және тамақ сапасын бақылау мақсатында тамақтану сапасына №7 мониторингтік тексеру жұмысы Бракераждық комиссия мүшелері тарапынан жүргізілді. Бракераждық комиссия мүшелері асхананың жұмысын жүйелі түрде бақылап, оқушылардың денсаулығын сақтау, олардың дұрыс тамақтануын қамтамасыз ету бойынша ұтымды ұсыныстар жасады. 
Республикалық ғылыми жобалар конкурсы
23
декабрь
2024
Республикалық ғылыми жобалар конкурсы
Жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11сынып оқушыларына арналған Республикалық ғылыми жобалар конкурсының қалалық кезеңінде Математика секциясында лицей оқушылары: 1.Шаназаров Жантөре 9«Д» сынып 🥉 2.Қабдолов Аслан 10«Г» сынып🥈 3.Улдаханова Аянат 10«Г» сынып 🥈 орындарымен марапатталды. Құттықтаймыз!
Іс-шара: «USTAZ HUB 7.0»
21
декабрь
2024
Іс-шара: «USTAZ HUB 7.0»
Махатма Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицей М.Б. Абылқасым 21.12.2024ж. күні «Narxoz University» өткен «USTAZ HUB 7.0» іс-шарасына қатысып, білім саласына қатысты жаңа идеялар мен ақпарат алды. USTAZ HUB - білім мен тәжірибе алмасуға ашық, энтузиазымға толы мұғалімдер мен білім саласының мамандары бас қосатын жоба.
«Педагогикалық идеялар фестивалі» конкурсы
20
декабрь
2024
«Педагогикалық идеялар фестивалі» конкурсы
Республикалық «Педагогикалық идеялар фестивалі» конкурсының қалалық кезеңінде лицейіміздің мұғалімі Алимбекова Халима Пернеханқызы I дәрежелі дипломымен марапатталды. Бұл жетістік – кәсіби шеберліктің, шығармашылық ізденістің және үздіксіз еңбектің жемісі. Халима Пернеханқызын осы керемет жеңісімен құттықтай отырып, алдағы уақытта да табыстар мен жаңа белестерді бағындыруына тілектеспіз!
Кәсіптік бағдар беру жұмыстары
20
декабрь
2024
Кәсіптік бағдар беру жұмыстары
Бүгін 9 “Д” сынып оқушылары кәсіби бағдар беру бағдарламасы аясында Архитектура, дизайн және инженерия колледжіне барды. Оқушылар заманауи білім беру ортасымен танысып, колледж мамандықтары жайлы толық ақпарат алды.  Колледж өкілдері оқушыларға сәулет, графикалық дизайн, интерьер және құрылыс инженериясы бағыттары бойынша білім беру ерекшеліктері туралы баяндап, студенттердің жобаларын көрсетті. Оқушыларды әсіресе 3D модельдеу, макет жасау және шығармашылық жұмыстар қызықтырды.  Бұл экскурсия
“Білім берудегі жасанды интеллект: Canva & Google Gemini” байқауы
20
декабрь
2024
“Білім берудегі жасанды интеллект: Canva & Google Gemini” байқауы
Алматы қаласы мұғалімдеріне арналған “Білім берудегі жасанды интеллект: Canva & Google Gemini” байқауына Қуанбаева Бағдат II дәрежелі дипломымен марапатталды.