20
декабрь
2024
«Педагогикалық идеялар фестивалі» конкурсы
Республикалық «Педагогикалық идеялар фестивалі» конкурсының қалалық кезеңінде лицейіміздің мұғалімі Алимбекова Халима Пернеханқызы I дәрежелі дипломымен марапатталды. Бұл жетістік – кәсіби шеберліктің, шығармашылық ізденістің және үздіксіз еңбектің жемісі. Халима Пернеханқызын осы керемет жеңісімен құттықтай отырып, алдағы уақытта да табыстар мен жаңа белестерді бағындыруына тілектеспіз!