20
декабрь
2024
Кәсіптік бағдар беру жұмыстары
Бүгін 9 “Д” сынып оқушылары кәсіби бағдар беру бағдарламасы аясында Архитектура, дизайн және инженерия колледжіне барды. Оқушылар заманауи білім беру ортасымен танысып, колледж мамандықтары жайлы толық ақпарат алды.
Колледж өкілдері оқушыларға сәулет, графикалық дизайн, интерьер және құрылыс инженериясы бағыттары бойынша білім беру ерекшеліктері туралы баяндап, студенттердің жобаларын көрсетті. Оқушыларды әсіресе 3D модельдеу, макет жасау және шығармашылық жұмыстар қызықтырды.
Бұл экскурсия оқушылардың болашақ мамандық таңдауына бағыт-бағдар беріп, шығармашылық пен инженерия саласына деген қызығушылықтарын арттырды. Келешекте осындай танымдық шаралар жалғасатын болады!