Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
Тренинг: "Оқушылардың танымдық ерекшеліктерін жетілдіру"
09
апрель
2024
Тренинг: "Оқушылардың танымдық ерекшеліктерін жетілдіру"
         5 "Ә" сынып оқушыларымен оқушылардың ойлау, сөйлеу, есте сақтау қабілеттерін жетілдіру мақсатында танымдық ерекшеліктерін дамытуға арналған тренинг жүргізілді. тренинг барысында, «Сөйлем құрастыр», «Есте сақта», «Басқа сөзбен сипатта» және сергіту жаттығулары жүргізілді.
Дәріс: "Буллингтің алдын алу"
15
март
2024
Дәріс: "Буллингтің алдын алу"
Махатма Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицей оқушыларына Бостандық ауданы прокуратурасының прокуроры М. Медеуов "Буллингтің алдын алу" бойынша дәріс өткізді. Сонымен қатар лицей инспекторы А.А. Алжанов "Құқық бұзушылықтың алдын алу" тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Тренинг-семинар: "Эмоция және сезім"
12
март
2024
Тренинг-семинар: "Эмоция және сезім"
5-сынып оқушыларымен «Эмоция және сезім» тақырыбында тренинг-семинар жүргізілді. Тренинг-семинар барысында эмоционалды интеллект ұғымының мәні, оның аспектілеру таралы айта өтіп, оқушының өз эмоциясын басқаруын бақылау мақсатында жаттығулар жүргізілді.
Қыздар жиналысы: "Отбасындағы қыз бала тәрбиесі"
21
февраль
2024
Қыздар жиналысы: "Отбасындағы қыз бала тәрбиесі"
2024 жылғы 20 ақпан күні лицейде «Отбасындағы қыз баланың тәрбиесі» тақырыбында қыздар жиналысы өткізілді. Жиналысқа 6-7 сынып қыз балалары қатысты.   Жиналыс басында ДТЖЖО М.Б. Абылқасым қоғамдағы қыз бала тәрбиесінде жіберіліп жатқан олқы тұстарды тілге тиек ете отырып, қыздарға тән мен ар тазалығы туралы түсіндіріп, отбасында жақсы тәрбие алған қыз бала ертеңгі ана-екендігін түсіндірді. Сонымен қатар лицей психологі А.Б. Турсунбекова қыз бала бойындағы ізеттілік, көрегенділік нәресте кезінен
Тренинг: "Кәсіби бағдар"
16
февраль
2024
Тренинг: "Кәсіби бағдар"
Бүгінгі білімді жас егемен елдің ертеңі болуы үшін мамандықты дұрыс таңдағаны жөн. Өйтені, ХХІ ғасырда жұмыс істейтін мамандар Отанның мақсат мүддесін алдыңғы орынға қоятын мемлекеттік басқару мен өз саласын жетік меңгерген маман болуы қажет. Оқушыларға мамандықтың түрлері, олардың адам өміріндегі маңызы туралы түсінік бере отырып, өз бейіміне сәйкес мамандық таңдай білуіне ықпал жасау, кәсіби бағдар беру мақсатында 9-сынып оқушыларына «Кәсіби бағдар» тақырыбында тренинг жүргізілді.  Тренинг
Тренинг: «Эмоциялық сфераны дамыту және басқару»
13
февраль
2024
Тренинг: «Эмоциялық сфераны дамыту және басқару»
      Оқушыларға өзінің және басқалардың эмоцияларын түсіну қабілетін дамыту негізінде әлемге деген  сенімді қарым-қатынасты қалыптастыру, өз эмоциясын бақылау дағдыларын қалыптастыру және айналадағы адамдармен эмоционалды өзара әрекетті дамыту мақсатында 7 «В» сынып оқушыларымен «Эмоциялық сфераны дамыту және басқару» тақырыбында тренинг жүргізілді. Тренинг барысында «Белгісіз басшы», «Алыптар мен ергежейлілер», «Дауыста, дауысыңнан танимын» және «Кім жылдам» жаттығулары жүргізілді.
Семинар-тренинг: "Ақпаратты қабылдау түрлері мен ерекшеліктері"
31
январь
2024
Семинар-тренинг: "Ақпаратты қабылдау түрлері мен ерекшеліктері"
Жалпы адамзат баласының ақпартты қабылдау ерекшеліктері әр түрлі, бірі тез ұғады, екіншісі көбірек түсіндіруді талап етеді. Оның себебі адамдардың ақпаратты қабылдау ерекшеліктерінде. Ақпаратты қабылдау ерекшеліктері жалпы 3 түрге бөлінеді – аудиал, визуал, кинестетик. Осы ұғымдармен толық таныстыру мақсатында 7-сынып оқушыларымен семинар-тренинг жүргізілді. Семинар-тренинг барысында оқушыларға әр типке жататын тұлға бойындағы ерекшеліктері мен ақпаратты оңай әрі тез қабылдауға көмек беретін
Семинар-тренинг: «Менің сезімдерім мен эмоциям»
30
январь
2024
Семинар-тренинг: «Менің сезімдерім мен эмоциям»
Эмоция – энер­гияның кө­рінісі. Сондықтан барынша эмо­циялық ойлауды дамыту керек. Эмоционалды интеллект туралы ақпаратты кеңейту, өзінің ғана емес өзгенің де эмоциясын түсінуге бағыттау мақсатында 8-9 сынып оқушыларымен «Эмоция және Мен» таұырыбында тренинг-семинар жүргізілді. Тренинг-семинар барысында эмоционалды интеллект ұғымының мәні, оның аспектілеру таралы айта өтіп, оқушының өз эмоциясын басқаруын бақылау мақсатында жаттығулар жүргізілді.
Қыздар жиналысы: «Қазіргі қоғамның рухани-өнегелік жаңғыруындағы қыз баланың орны»
30
январь
2024
Қыздар жиналысы: «Қазіргі қоғамның рухани-өнегелік жаңғыруындағы қыз
30.01.2024ж. күні Махатма Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейінде «Томирис» қыздар ұйымына «Қазіргі қоғамның рухани-өнегелік жаңғыруындағы қыз баланың орны» тақырыбында қыздар жиналысы өтілді. Күн тәртібінде: «Ер балалар мен қыз балалар арасындағы қарым-қатынас» «Аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу профилактикасы» «Кикілжіңдерді шешу жолдары» «Дұрыс тамақтану»  «IQ game» Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары М.Б. Абылқасым, педагог-психолог А.Б. Турсунбекова және әлеуметтік
Тренинг: "Оқу мотивациясын дамытуға арналған жаттығулар"
16
январь
2024
Тренинг: "Оқу мотивациясын дамытуға арналған жаттығулар"
     6-сынып оқушыларымен оқу мотивациясы және белсенді оқыту әдістері – танымдық іс-әрекет арқылы оқытудағы жетістікке жетуін қалыптастыру мақсатында оқу мотивациясын дамытуға арналған тренинг жүргізілді. Тренинг барысында «Амандасу», «Сергіту сәті», «Сандарды іздестір», «Басқа сөзбен түсіндіру», «Сөйлем құра», «Есте сақта» жаттығулары жүргізілді. Барлық жаттығуларға оқушылар белсене қатысып, зейін, есте сақтау қабілеттерінің қаншалықты деңгейде екендігін сынап көрді.