Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
21
февраль
2024

Қыздар жиналысы: "Отбасындағы қыз бала тәрбиесі"

2024 жылғы 20 ақпан күні лицейде «Отбасындағы қыз баланың тәрбиесі» тақырыбында қыздар жиналысы өткізілді. Жиналысқа 6-7 сынып қыз балалары қатысты.  

Жиналыс басында ДТЖЖО М.Б. Абылқасым қоғамдағы қыз бала тәрбиесінде жіберіліп жатқан олқы тұстарды тілге тиек ете отырып, қыздарға тән мен ар тазалығы туралы түсіндіріп, отбасында жақсы тәрбие алған қыз бала ертеңгі ана-екендігін түсіндірді.

Сонымен қатар лицей психологі А.Б. Турсунбекова қыз бала бойындағы ізеттілік, көрегенділік нәресте кезінен ана сүтімен бойына даритындығын және қатты күлмеу, айқайлап сөйлемеу, тіпті қыз баланың отырысына, жүрісіне киім киісіне, дауыс ырғағына дейін мән берілетіндігін айта өтті. Сонымен қатар қыздардың отбасынан және мектептегі ортасынан алған тәлім-тәрбиесі өзге де оқушыларға үлгі болатындығы ескертілді. 

Лицейдің әлеуметтік педагогі А.Б. Беген асханадағы тәртіп ережелермен қатар дұрыс тамақтану – жақсы денсаулық кепілі екендігін ескертіп өтті.

Отбасындағы қыз баласының тәрбиесіне незізделген жиналыста еркін пікір алмасу, сергіту сәті жүргізіліп, кері байланыс берілді.