Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ҚАЛАЛЫҚ СЕМИНАР: «Қашықтан оқыту жағдайында зерттеу тапсырмалары арқылы оқушыларды шығармашылыққа баулу». Ашық сабақтар.
06
май
2021

ҚАЛАЛЫҚ СЕМИНАР: «Қашықтан оқыту жағдайында зерттеу тапсырмалары арқылы оқушыларды шығармашылыққа баулу». Ашық сабақтар.


Шалқар Бекзат Қырқынбайұлы - математика  пәнінің мұғалімі

Педогогикалық өтілі:5 жыл

Санаты: педогог-сарапшы 

Сыныбы: 10 «Ә» (1-топ)

Сабақтың тақырыбы: Туындының көмегімен функцияны зерттеу және графигін салу». 

Оқу мақсаты: 10.4.1.33 - туындының көмегімен функцияның қасиеттерін зерттеу және оның графигін салу

Сабақтың мақсаты:

  • Функцияны туындының көмегімен зерттеу алгоритмімін негіздеу
  • Оны қолдану арқылы функцияны зерттеу
  • Функцияның графигін салуды

Сабақ барысында оқушылар өзін-өзі бағалау парағы негізінде өз-өздеріне қалыптастырушы бағалар қойып отырды. Үй тапсырмасы жеке жұмыс, яғни әрбір оқушы quizzizz платформасында осы тақырыпқа арнайы дайындалған тапсырмаларды орындап, өздерінің алдыңғы сабақта алған білімдерін қолдана отырып тақырыпты қаншалықты түсінгендері тексерілді, оқушылардың жасаған жұмыстарын экранға көрсетіп мұғаліммен бірге талқылау жүргізілді.

Сабақты барысында мұғалім Padlet.com тақтасы арқылы тапсырмаларды көрсетіп, онлайн тақтада жаза отырып, тақырыптың шынайы өмірдегі қолданыс аясын түсіндірді. Сабақ кезеңдерінде есептер шығарылып, онлайн тақтада оқушылармен бірге жұмыс жасалды. Зерттеу бөлімінде мұғалім әрбір тапсырмаларды жеке-жеке бөліп, бір-бірімен тәжірибе алмастыру әдісін қолдануы тиімділігін көрсетті. Сабақ соңында жасалған кері байланыс оқушы сабақ барысында орындаған тапсырмаларын негіздеп,  өздерінің сабаққа қатысу графигін тұрғыза отырып, ойын ашық айта білумен қатар өтілген тақырыптың маңыздылығын көрсете алды. 

Оқушылардың өзін-өзі бағалауы сабақта өте тиімді болды. Мұғалім өзінің сабақта көздеген мақсатына толығымен жетті. Ашық сабаққа онлайн 15 мұғалім қатысты. Micrasoft Teams платформасында жүктелген видео записті 3-4 мұғалім көріп шығып кері байланыс орнатты.


Тиімді жақтары:

  • Сабақта қойылған мақсатына  жетті,  оқушылар жаңа тақырыпты жақсы деңгейде     меңгерді. Акт-ны, яғни Padlet.com тақтасын тиімді пайдаланды                (Өмірбекова Шұғыла Есіркепқызы).

Функцияны зерттеу барысында оқушылар әрекеті нақты жасалынды, және графиктер дұрыс құрылды                                                                                     (Умбетова Нүргүл).



Бахиева Калимагуль  информатика пәні мұғалімі

Педогогикалық өтілі:10 жыл

Санаты: педогог-модератор 

Сыныбы: 9 «В» (2-топ)

Сабақтың тақырыбы: «Кейіпкерлерді анимациялау (Character animation)»

Оқу мақсаты: 9.3.3.7 кейіпкер қозғалысын программалау, пернетақтадан кейіпкерді басқару;

Сабақтың мақсаты:

  • Python   программалау ортасында 2D ойындарды жасау  барысында кейіпкерлерді анимациялауды үйренеді, біледі және түсінеді;
  • Программада 2D ойындарды жасау  барысында   кейіпкер қозғалысын программалауды жасай алады;
  • Python   программалау ортасында 2D ойындарды жасау  барысында пернетақтадан және тышқан қөмегімен кейіпкерді басқаруды қолданады.

Сабақ барысында оқушылар өзін-өзі бағалау парағы негізінде өз-өздеріне қалыптастырушы бағалар қойып отырды. Оқу тапсырмасын https://quizlet.com   сайты арқылы жеке жұмыс ретінде тексерілді, оқушылардың өткен тақырып бойынша терминологияны еске түсіріп, дұрыс сәйкестендіріп орнатады. Бекіту сабағы болғандықтан барлық тапсырмалар оқушылардың зерттеу қабілеттерін дамытуға арналған болып табылады. Оқу тапсырмасын белгілеп болғаннан кейін оқушылар екі топқа топтастырылды. Кластер әдісі арқылы әр топ оқушыларына тапсырма берілді. Оқушылар дәптерге орындап, жұмыстарын қорғап шықты. Келесі тапсырма оқушылардың жылдамдығын арттыруға бейімделді. https://learningapps.org/display?v=pk7n3p06t21сілтемесі арқылы берілген программалық код жылдам әрі дұрыс реттілікпен орнатып шықты. Балалардың шығармашылық жұмыстарын көрсету үшін PyGame модулі көмегімен анимациялық ойын құрып, деманстрация арқылы дарынды оқушылар көрсетіп отырды. Сабақ соңында өткен сабақты бағалау жүргізілді. Оқушылар сілтеме жіберілді, әрбір оқушы өз ойларын эссе ретінде жазып жіберді. Кейбір оқушылар өз ойларын ауызша жеткізді.

Оқушылардың практикалық жұмысты орындап оны жеке көрсетіп қорғап шыққандары  өте тиімді болды. Мұғалім өзінің сабақта көздеген мақсатына толығымен жетті. Ашық сабаққа 10 мұғалім қатысты.

Ұсыныстар: 

- Осындай оқушылармен зерттеу тапсырмаларын ұйымдастырып келесі сабақтарда қолдану.



Рсалиева Асем Айдаркызы – физика пәні мұғалімі

Педагогикалық өтілі: 3 жыл 7 ай

Санаты: педагог-модератор 

Сыныбы: 10 «Б» (2-топ)

Сабақтың  тақырыбы: «Электромагниттiк индукция заңы. Ленц ережесі. Өздік индукция.  

Индуктивтілік»

Сабақтың мақсаты: Электромагниттік индукция заңын   есептер шығаруда қолдану.

Сабақтың түрі бекіту сабағы болып табылады. Яғни, оқушылардың бұл тақырып жайлы бастапқы түсініктері бар. Үй тапсырмасы жеке жұмыс workwall сайты арқылы тексерілді, оқушыларға индукциялық токтың бағытын анықтады және жауаптарын  PadLet бағдарламасы арқылы тексеріліп отырды. Сабақтың ортасы жұқа электромагниттік индукция заңы, индуктивтілік, Ленң заңы, ЭҚК формуласын сипаттау бойынша есептер шығарылды PadLet программасында жауаптары. Сабақтың соңында кері байланыс алынып, үй тапсырмасы берілді. 


Сабақта қолданылған платформалар: Microsoft Teams, Padlet, WORDWALL

Сабақта қолданылған әдіс-тәсілдер: деңгелік оқыту, жеке жұмыс, АКТ7

Сабаққа қатысқан педагогтар сабақтың өз деңгейінде өткендігін, мұғалімнің және  меңгеру деңгейіне оң бағасын берді.


Сәлімжанов Нұрсұлтан Өмірханұлы – география пәні мұғалімі

Педагогикалық өтілі: 4 жыл

Санаты: жоғары 

Сыныбы: 10 «А» (2-топ)

Сабақтың тақырыбы: «Салыстырмалы елтану»

Сабақтың мақсаты: Елдің рейтингте орналасқан орнына әсер ететін географиялық, әлеуметтік, экономикалық және саяси факторларды анықтау (таңдау бойынша рейтингтің басында, ортасында және соңында орналасқан үш елдің мысалында).


Ашық сабақ бекіту сабағы түрінде өткізілді, сондықтан тапсырмалар шығармашылық және зерттеушілік бағытында ұйымдастырылды. Сабақ барысында географияда АКТ қолдану мүмкіндіктері толықтай көрсетілді. Сабақтың мақсатына орай (World Economic Forum) Дүниежүзілік экономикалық форум нұсқасының ғаламдық бәсекеге қабілеттілік индексі бойынша «Географиялық жаттығу» әдісі арқылы үш ел таңдап алынды. Келесі тапсырмалар осы таңдап алынған елдерді түрлі индекстер бойынша салыстыруға негізделді.  Тапсырмалар Flippity, Jamboard, Excel және Microsoft Power Point бағдарламалары арқылы орындалды. Оқушылардың сабаққа қатысуы, шығармашылық және зерттеушілік қабілеттері, түрлі бағдарламаларымен жұмыс жасауы  және мұғаліммен кері байланыс жасай отырып тапсырмаларды орындаулары жоғары деңгейде болды.  Сабақты қорытындылау мақсатында мұғалім оқушылардан Quizizz бағдарламасы арқылы тест алып, сабақтың нәтижесін Excel бағдарламасы арқылы қорытындылады. Үй тапсырмасы ретінде елдің әлемдік рейтингтегі орынын көтеру мақсатында «Егерде мен ... министрі болсам?» - тақырыбында шағын эссе жазу тапсырылды. 


Ашық сабаққа қала мектептерінен 8 мұғалім қатысты.

Пікірлер: Мұғалім өзінің сабақта көздеген мақсатына жетті. Сабақ барысы және АКТ қолдану жоғары деңгейде. Сабақты қорытындылау жүйесі жақсы ұйымдастырылған. (Ермурзаев Сабит, Умирбекова Дана).

Ұсыныстар: Оқушыларды мейілінше көп сөйлету керек (Елікбаева Нұргүл).


Баймуратов Алибек Кыдырхожаевич – биология пәні мұғалімі

Педогогикалық өтілі: 7 жыл

Санаты: педагог - сарапшы 

Сыныбы: 9 «А» (2-топ)

Сабақтың тақырыбы: «Жерде тіршіліктің қалыптастыру кезеңдері»

Оқу мақсаты: Жерде тіршіліктің даму заңдалықтарын меңгере отырып, оқушылар Жердің қалыптасу кезеңдерін үйрену.


Сабақ барысында оқушылар ағылшын тілінде сабақты еркін алып кетті. Тақырып бойынша берілген тапсырмаларды оңай орындап, барлық сұрақтарға қиналмай жауап беріп отырды. Сабақ барысында «Success сriteria»  (Табыс критериясы) ойынын ойнау арқылы сабақта нені үйренгісі келетіні жайлы анықтап алды. Сабақты ашу барысында оқушыларға видеоролик көрсетілді, сол бойынша сұрақтар қойылып, жаңа тақырыпты меңгеруде балалар өздерін жақсы көрсете білді. Сабақты қорытындылау мақсатында «Quizizz» программасын қолданды. Рефлексия ретінде  «2 correct and 1 incorrect» әдісін қолданды. Осы бойынша оқушылар өз ойларын тиянақтауда 2 дұрыс және 1 бұрыс сөйлем құрастырып берді. Сабақта «Quizizz» программасын қолдану арқылы оқушылардың сабақты түсініп, қорытындысын шығаруда тиімді АКТ болып табылды. 


Оқушылар сабақты ағылшын тілінде өту арқылы, жаңа білімді алумен қатар, өздерінің тілдік қорын да дамытты. Ашық сабаққа өзге мекемелерден 8 адам қатысты. 

Ұсыныстар: Сабақ беру барысында уақытты тиімді пайдалану.


Кадырбаева Мадина Есенғалиқызы – тарих пәні мұғалімі

Педагогикалық өтілі: 5 жыл

Санаты: Педагог-сарапшы

    Шебер сабақ тақырыбы: «Тарих пәні арқылы оқушылардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру әдіс-тәсілдері»

    Шебер сабақтың мақсаты: 

  • swot талдау әдісінің мақсаты, міндеті, оны тарих сабағынба қолданудың маңызы;
  • дебат әдісі арқылы бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу;
  • сыни тұрғыдан ойлау әдісінің әмбебаптылығы;
  • подкаст әдісінің тиімділігі;
  • аудиокітап тыңдаудың артықшылықтары оны тарих сабағынба қолданудың тиімді жақтары;
  • жоба жасау арқылы оқушының қабілеттерін дамыту.


Аталған әдістерді тарих сабағында қолдану арқылы жан-жақты дамыған, дүниетанымы қалыптасқан, сыни ойлай алатын,  көзқарасының қалыптасқан, топпен және  жұппен жұмыс жасауға бейім, өз еркімен, өз бетінше өмірге бейімделе алатын білімді, білікті, жоғары, мәдениетті, еркін, интеллектуалды жеке тұлғаны қалыптастыруға үлес қоса алатын технологиялар болып табылады. Дәл осы тақырыпта қалалық педагогикалық идеялар калейдаскопына қатысып, өз іс –тәжірибесімен қала мұғалімдері арасында бөлісіп, педагогикалық шеберлік орталық тәлімгерлерімен талқыланған болатын.




Мықтыбек Таңірберген Бақытжанұлы – химия пәні мұғалімі

Педагогикалық өтілі: 5 жыл

Санаты: педагог-сарапшы 

Сыныбы: 7 «Б» (2-топ)

Сабақтың тақырыбы: № 4 практикалық жұмыс «Тағам құрамындағы қоректік заттарды анықтау»

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты: 7.5.1.6 -тағамдық өнімдердің бір қатарын: көмірсулар (крахмал), нәруыз, майларды білу және анықтай алу

Сабақтың мақсаты:

- Тағамдық өнімдердің бір қатарын: көмірсулар (крахмал), нәруыз, майлардың құрамын біледі;

- Тағамдық өнімдердің құрамындағы көмірсулар (крахмал), нәруыз, майларды сапалық түрде анықтайды;

- Адам массасының құрамындағы қоректік заттардың мөлшерін есептейді.

Сабақ барысы жвлпы Padlet қосымшасы арқылы жүргізілді. Сабақ оқушылар өзін-өзі бағалау парағы негізінде өз-өздеріне қалыптастырушы бағалар қойып отырды. Оқушылар «Quizizz.com» қосымшасы арқылы кіріп экран арқылы көрініп тұрған кодты теріп немесе сілтеме арқылы ойынға қосылып тапсырмаларды орындады. Бекіту сабағы болғандықтан барлық тапсырмалар оқушылардың зерттеу қабілеттерін дамытуға арналған болып табылады.


Алдымен тағам құрамындағы қоректік заттарды анықтауға оқушылар бірнеше зерттеу тапсырмаларын орындады. 1-ші тапсырма алдынан оқушыларға Padlet қосымшасы арқылы видеоматериал көрсетіледі. Оқушылар берілген кестені толтырып Padlet қосымшасы арқылы өздерінің жауаптарымен бөлісті.

Оқушылар сабақ барысында екі практикалық жұмысты өз қолддарымен жасап, Padlet қосымшасы арқылы нәтижелерімен бөлісті және өз-өздерін бағалап отырды.

Соңғы зерттеу тапсырмасында оқушылар өздерінің салмағына болжам жасап, денесіндегі қоректік заттардың мөлшеріне (килограмм) есептеу жүргізді. Өзін-өзі бағалау парақтарына қойған бағаларын оқушылар мұғалімге айтып, талқылау жасалды. Сонымен қатар Padlet тақтасына бүгінгі сабақ туралы пікірлерін, алдағы сабақтарға ұсыныстарын жазып қалдырды.


Оқушылардың ұсыныстары (кері байланыс):

-Болашақта кальцийдің қандай тағамдарда бар екенін білгім келеді. Себебі, егер де кальций жетіспесе осы ақпарат керек болатын еді. Жалпы, бүгінгі сабақ маған қатты ұнады,әсіресе жасаған тәжірбиеміз. (Аяжан)

- Бүгінгі сабақта маған тәжірбие жасап, өз көзімізбен көргеніміз ұнады. Келесі тақырыпта микро және макроэлементтерге қай элементтер жататындығын және біздің денсаулығымызға қалай әсер ететіні қызықты. (Айша)

- Меніңше адам өз ағзасы туралы көп ақпарат білуі керек. Бүгін осы тақырыпқа байланысты білімімізді арттыра алдық. Келесі сабақта өзімді қатты қызықтырып жүрген сұраққа микро және макроэлементтердің қандай айырмашылыға бар? жауабымды ала аламын деген ойдамын. (Ботакөз)

Мұғалімдердің кері байланысы: 

- Сабақ жоғары деңгейде өтті! Барлығы өте түсінікті, сабақ барысында жасалған тәжірибе қызықты болды!

- Жарайсың Тәңірберген! Сабағың маған ұнады. Белсенді түрде болды. Тиянақты, әр жұмысың нақты, жүйелі. Мақсатың жақсы ашылды. Рахмет. Маған сабақ басталған соң шығып кеттім. Чат көрінбеді Пікір қалдырайын деп едім. Әсіресе АКТ күшті қолдандың. Барлығы көз алдыңа келіп түскен   жұмыстарды ашып отырғаның қатты ұнады. 

- Тәңірбергеннің сабағы жоғары дәрежеде екеніне сенімдімін. Мен осыдан 3-4 жыл бұрын 92-ге семинарға барғанда Тәңірбергеннің сабағына кіріп, ризаааа болғам. Партаның астыңғы бетіне кәмпит жабыстырып, оған сұрақ беріп қойған. Алға, Тәңірберген. Көп мұғалімдерге үлгісің.


Шебер сабақ бойынша  рефлексивті есеп

Мунасаева Рая Нуровна – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Педогогикалық өтілі: 25 жыл

Санаты: педагог-шебер

Тақырыбы: «Оралхан Бөкей шығармашылығын оқытуда оқу мақсаттары бойынша тапсырма құрастыру жолдары»


Мунасаева Рая Нуровна

Шеберлік сабағын өткізу үшін жоғары теориялық білім мен тәжірибемен келетін біліктілік, талмай еңбектену мен толастамайтын ізденіс қажет. Білім беру саласында еңбек еткен 25 жылдың әрқайсысы мен үшін жаңалықтар мен тың мәліметтерге толы болды. Өзгелерден үйрене жүріп, өзім де жақсы мұғалім болып қалыптастым. Осы жылдар аралығында қаншама аудандық және қалалық, республикалық деңгейде ашық сабақтар өткіздім. Шәкірттерімді сан түрлі білім сайыстары мен шығармашылық байқауларға дайындадым. Мектепте өткізген әр жыл еңбегімнің жемісін жинауға мүмкіндік берді. Педагогика саласында 15 жыл жұмыс жасағаннан соң, қала мұғалімдерінен шеберлік сабақтарын өткізу жөнінде сұраныстар түсе бастады. Талай рет өзіме «Дайынмын ба? Дайын емеспін бе?» деген сұрақтарды қоя отырып, мұғалімдермен тәжірибе бөлісе бастадым.  Міне, бүгін әріптестермен оқыту мен оқу процесіндегі жаңалықтармен бөлісіп, пікірлесудің тағы бір сәті түсті.  

Қашықтан оқыту – кез келген педагогтен дәстүрлі оқытумен салыстырғанда екі есе дайындықты талап ететін процесс. Елдегі, бүкіл әлемдегі пандемия жағдайына байланысты мұғалімдер қауымы жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беру жұмысын онлайн форматта жүзеге асыруда. Әртүрлі вебинарларға қатысып, біліктіліктерін арттыруда. Мен де бірнеше кәсіби байқауға қатысып, жүлдегер атандым. Ал бүгін лицейде ұйымдастырылған семинарға үлес қосып, «Оралхан Бөкей шығармашылығын оқытуда оқу мақсаттары бойынша тапсырма құрастыру жолдары» тақырыбында шеберлік сабағын өткіздім. Шеберлік сабағымның мақсаты: 

  • қазақ әдебиетінен теориялық білім мен практиканы тиімді ұштастыруға бағытталған шығармашылық жұмыстардың түрлері туралы мәлімет беру;
  • мұғалімдермен оқу мақсаттарына сәйкес деңгейлік тапсырма құрастыру тәжірибесімен бөлісу;

ü  педагогтердің қазақ әдебиетін оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдерді тапсырмаға сәйкес іріктеу дағдысын дамыту.

Осы мақсаттарға жету үшін арнайы тақырып бойынша таныстырылым  дайындадым. Шеберлік сабағында қажетті ресурстар бойынша бірнеше бағытта жұмыс жасадым: теориялық мәлімет беріп, іс-тәжірибемдегі үздік әдістемемен таныстырдым. Соның ішінде әріптестерге ресурс ретінде ұсынылған оқу-әдістемелік кешенмен шектеліп қоймай, оқушылардың ауызша және жазбаша функционалдық сауаттылықтарын арттыруға, шығармашылық қабілеттерін ұштап, дамытуға бағытталған тапсырма құрастыру тәжірибесін ұсындым. Әдебиет сабағы бір қарағанда оңай көрінеді, алайда түсіну мен талдау, интерпретациялау мен жинақтау дағдылары дұрыс қалыптаспаған жағдайда үлкен қиындық тудырады. Туындаған қиындықтарды жеңу үшін оқушыға да, мұғалімге де көп тер төгуге тура келеді. Бүгінгі шеберлік сабағы семинарға қатысқан мұғалімдердің әдістеме қоржынын байытқанына сенімім мол болды. 

 «Сылдырап өңкей келісім, Тас бұлақтың суындай» деп қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы жырлағандай, шеберлік сабағына Алматы қаласына танымал қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің қатысып отырғанын көру, олармен пікірлесу де мен үшін маңызды болды. 

Осыдан үш жыл бұрын шығармашылық іссапармен Ақтөбе, Орал, Атырау қалаларына барып, шеберлік сабақтарын өткізген едім. Сол өңірдегі мұғалімдермен іс-тәжірибемен бөлісіп қана қоймай, олардан өте көп құнды мәліметтер жинақтап келген едім. Енді сол бағалы ақпаратты өз тәжірибемде ұтымды пайдалану үстіндемін.

Бүгінгі семинардан соң өзімнің тарапымнан жас мамандарға әдістемелік тараптан қолдауым қажет екенін түсіндім. Алдағы жоспарым – Тамыз конференциясында практикум түрінде шеберлік сабағын өткізу.


Кулжан Шолпан Шоханкызы – ағылшын тілі пәні мұғалімі

Педагогикалық өтілі: 4 жыл 8 ай

Санаты: педагог-модератор

Тақырыбы: «The basics of using the CLIL method in English lessons»

Мақсаты

  • Ағылшын тілі сабағында CLIL әдісінің теориялық негіздерін методологиялық тұрғыда мәлімет беру
  • Жаратылыстану бағыттағы пәндердің тақырыптарын ағылшын сабағында өтудің лингвистикалық маңызын айқындау
  • CLIL әдісін сабақта қолданудың қосымша пайдалы әрі қызықты сайттармен бөлісу.


Шебер сабақтың барысында Нұрсұлтан Назарбаевтің ағылшын тілінің қазіргі жаһандану уақытандағы маңыздылығы туралы айтылды. Сонымен қатар, мұғалім өз атынан ағылшын тілі жайлы өз пікірін қозғадым. Шебер сабақтың 3 бөлімнен тұратыны жайлы ағылшын тілі пән мұғалімдеріне ескертілді. Олар:

1 бөлім – CLIL әдісі бойынша теориялық жағын қарастыру

2 бөлім – Ағылшын сабағынан бір үзінді сабақты CLIL әдісінің практикалық жағын көрсету

3 бөлімі – CLIL әдісін қолданудың қосымша сайттармен бөлісу


Келесі қадамда пән мұғалімдерге CLIL деген сөздің толық аты мен түсінігі сұралынды. Педагогтар белсене қатысып, сұрақтарға жауап бере алды. Кейін бұл әдістің пайда болу тарихы мен түрлері қарастырылды.

Педагогтардан CLIL әдісінің 4 маңызды компоненттері жайлы сұрақ қойылды. Бірлесе бұл тақырыпты бірге талқыланды. 



Теориялық негізінен кейін педагогтарға бұл әдісін сабақта қалай қолданғанын 11 сыныптың EXCEL кітабының 1C. BLOOD TYPES (Қан топтары) туралы көрсетілді. Яғни, сабақта сөздікпен қалай жұмыс жасауы, бейне материалдарды көп қолдануы, терминдердің анықтамасымен бірге түсіндіруі туралы айтылды.

Мұғалімдерге көмек ретінде қосымша пайдалы сайттар туралы біртіндеп айтылып, мысалмен түсіндірілді.Мұғалім өзінің сабақта көздеген мақсатына толығымен жетті. Шебер сабаққа 24 мұғалім қатысты. Кері байланыс жасалынды

Ұсыныстар: 

-  сөздікті дефиниция арқылы көп беруді ұсынды (Кусайынова А.К. 199 мектеп- гимназия).


Бекаділ Гүлбүбі   информатика пәні мұғалімі

Педагогикалық өтілі: 5 жыл

Санаты: педагог-модератор 

Сыныбы: 10 «А» (1-топ)


Сабақтың тақырыбы: Сұраныстар

Оқу мақсаты: Конструкторды пайдаланып іріктеу сұрауын құру.



Бекіту сабағы болғандықтан оқушылар сабақ барысында ауызша және жазбаша тапсырмаларды онлайн форматта орындады, сонымен қатар оқушылар топқа бөлініп, әр топ әртүрлі салаға зерттеу жүргізіп практикалық жұмыс жасады. Сабақ барысында оқушылар өзін-өзі бағалау парағы негізінде өз-өздеріне формативті бағалар қойып отырды. оқушылардың жасаған жұмыстарын экранға көрсетіп мұғаліммен бірге талқылау жүргізілді. Практикалық жұмысты  топпен жұмыла жұмыс жасап экранда көрсете білді. Зерттеу бөлімінде оқушылардың өзі практикалық жұмысты топпен онлайн жасап көрсетуі ұтымды болды. Зерттеу бөлімін жалпылаумен байланыстыра алды. Жалпылау бөлімінде ой толғау әдісі арқылы оқушылардың алған білімдерін өмірмен байланыстырып қортындылауына, өз ойларын жеткізуіне  ықпал келтірді.. Сабақ соңында жасалған  рефлексия  пәнмен және өмірмен қолданылуын ұштастыра отырып жасауы өте ұтымды болды. 




Оқушылардың өзін-өзі бағалауы сабақта өте тиімді болды және оқушылардың топпен зерттеу жұмыстарын жүргізіп практикамен көрсете білуі тиімді болды. Мұғалім өзінің сабақта көздеген мақсатына толығымен жетті. Ашық сабаққа 8 мұғалім қатысты.

Ұсыныстар: 

-  бағалау барысында дескрипторды оқушыларға ашып көрсету ( Бекмырза Қарлығаш).


Карсыбаев Бексултан Тулегенович – физика пәні мұғалімі

Педагогикалық өтілі: 5 жыл 

Санаты: педагог-сарапшы

Сыныбы: 8 «А» (1-топ)

Сабақтың тақырыбы: «Жұқа линзаның формуласы. Линзаның көмегімен кескiн алу».

Сабақтың мақсаты: Жинағыш және шашыратқыш линзада алынатын кескіннің жеке жағдайларына сипаттама беру;

Жұқа линзаның формуласына және линзаның сызықтық ұлғайтылуына есептер шығару.



Сабақтың түрі бекіту сабағы болып табылады. Яғни, оқушылардың бұл тақырып жайлы бастапқы түсініктері бар. Үй тапсырмасы жеке жұмыс арқылы тексерілді, оқушыларға жинағыш және шашыратқыш линзаларда алынатын кескіннің жеке жағдайларын, линзаның оптикалық күшінің, жұқа линзаның, линзаның сызықтық ұлғайтылуының формуласын сипаттау бойынша сұрақтар қойылды және жауаптары Optical Lenses бағдарламасы арқылы тексеріліп отырды. Сабақтың ортасы жұқа линзаның және линзаның сызықтық ұлғайтылуының формулаларына есептер шығарумен жалғасты. Сабақтың соңында кері байланыс алынып, үй тапсырмасы берілді. 


Сабақта қолданылған платформалар: Microsoft Teams, Padlet, Optical Lenses.

Сабақта қолданылған әдіс-тәсілдер: деңгейлік оқыту, жеке жұмыс, АКТ және ағылшын тілінде оқыту.

Сабаққа қатысқан педагогтар сабақтың өз деңгейінде өткендігін, мұғалімнің және білім алушылардың физика пәнін ағылшын тілінде оқыту, меңгеру деңгейіне оң бағасын берді.


Зиябек Карлыга Мұратқызы – химия пәні мұғалімі

Педагогикалық өтілі: 3 жыл

Санаты: педагог-модератор 

Сыныбы: 9 «Ә» (2-топ)

Сабақтың тақырыбы: «Оттекті органикалық заттар. Спирттер»

Оқу мақсаты:

  • метанол мен этанолдың адам ағзасына  физиологиялық  әсерін түсіндіру;
  • этиленгликоль мен глицериннің физикалық қасиеттері мен қолданылуын білу.


Ең алдымен, мұғалім оқушыларды сабақты https://quizizz.com сайтында толықтай өтетіндігемен таныстыр және бағалау парағын «Google Forms» платформасында жасады. Үй тапсырмасы «https://quizizz.com» сайты арқылы тест сұрақтарымен тексерілді, экранға барлық оқушының үлгерім көрсеткіштері көрсетілді. Топтық жұмыста оқушылар Padlet тақтасының мүмкіншіліктерін қолданып, тақырыпты жақсы ашты. Топтық жұмыстан кейінгі бекіту сұрақтары https://quizizz.com»  сайтында беріліп, әр оқушының жеке ойы көрсетілді.  Содан кейін, мұғалім «bilimland.kz» сайтын қолданып видео көрсетіп, «Microsoft Whiteboard»  тақтасында оқушылармен бірге видеодағы мәліметтерді талдап, тақырыпқа қатысты есеп берілді. Спирттердің зияны туралы оқуышылар толықтай мәлімет алды. Ал, енді спирттердің пайдасы жайлы көрсету үшін, мұғалім онлайн жағдайда «үй жағдайында антисептик жасау» зертханалық жұмысын оқушылармен онлайн форматта бірге жасады. Зерттеу бөлімін жалпылаумен байланыстыра алды. Сабақты қорытындылау «Т»   әдісі арқылы спирттердің пайдасы және зияны туралы ойларын барлық оқуша Padlet  тақтасында көрсетіп, сабаққа қатысты ойларын қорытындылады. 



Оқушылардың онлайн жағдайында топтық жұмысты көрсетуі, сабақты оқушылармен бірлесіп талқылауы өте тиімді болды. Әр тапсырмаға дескриптор нақты берілді.  Онлайн жағдайда оқушылармен бірге зертханалық жұмыс көрсетуі өте сәтті шықты. Мұғалім өзінің сабақта көздеген мақсатына толығымен жетті. Уақытты тиімді пайдаланды. Ашық сабаққа 12 мұғалім қатысты.