Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйесі. Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйесін шешу»,«Туындының анықтамасы»
17
февраль
2021

«Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйесі. Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйесін шешу»,«Туындының анықтамасы»

«Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйесі. Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйесін шешу» тақырыбында 15.02.2021 күні Математика-информатика бірлестігінің он күндігі аясында математика пәнінің мұғалімі Жадыкова Сандуғаш Өрісбайқызы 6 «А» сыныбына онлайн ашық сабақ өткізді. 

Оқу мақсаты: бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйесін шешу

    Сабақ үй тапсырмасын тексеруден басталды. Оқушылардың шығарған есептері экранға шығып отырған жауаптармен салыстырылып, талқыланды.  Сабақ барысында оқушылар өздеріне алдын-ала жіберілген бағалау парағына  әр есепке сәйкес қалыптастырушы бағаларын қойып отырды.

   Мұғалім жаңа сабақты оқушылардың алдыңғы сабақтарда алған білімдерімен байланыстыра отырып, түсіндірді. Есептіерді онлайн тақтада оқушылармен бірлесе орындауы ұтымды болды.

Жаңа сабақты бекіту мақсатымен, оқушыларға жеке тапсырма берілді.  Оқушылар  шығарылған есептерін   Microsoft Teams платформасына жүктеп, электронды тақтада тексеріліп, талданды.                                                 
Оқушылардың өзін-өзі бағалауы сабақта өте тиімді болды. Мұғалім өзінің сабақта көздеген мақсатына толығымен жетті. Ашық сабаққа 8 мұғалім қатысты.


           «Туындының анықтамасы» тақырыбында 15.02.2021 күні Математика және информатика пәндері бірлестігінің он күндігі аясында математика пәнінің мұғалімі Шалқар Бекзат Қырқынбайұлы 10 «Ә» сыныбына онлайн ашық сабақ өткізді. 

Оқу мақсаты: Функцияның өсімшесін, аргумент өсімшесін және туындының анықтамасын біледі және туындының анықтамасы бойынша тұрақты фунция мен дәрежелік функцияның туындысын табады; Туындының геометриялық және физикалық мағынасын түсінеді;

                       

Сабақ барысында оқушылар өзін-өзі бағалау парағы негізінде өз-өздеріне қалыптастырушы бағалар қойып отырды. Үй тапсырмасы жеке жұмыс, яғни әрбір оқушының видео түсіндірмесі ватсап желісіне жіберу арқылы тексерілді, оқушылардың жасаған жұмыстарын экранға көрсетіп мұғаліммен бірге талқылау жүргізілді.

             


Жаңа сабақты мұғалім слайд арқылы көрсетіп, онлайн тақтада жаза отырып, тақырыптың шынайы өмірдегі қолданыс аясын түсіндірді. Салғастыру, салыстыру кезеңдерінде есептер шығарылып, онлайн тақтада оқушылармен бірге жұмыс жасалды. Зерттеу бөлімінде мұғалім әрбір тапсырмаларды жеке-жеке бөліп, бір-бірімен тәжірибе алмастыру әдісін қолдануы тиімділігін көрсетті. Жаңа сабақты қорытындылау «Метатаным педагогикасының» таным деңгейлерін сақтай отырып оқушылармен «Метасызба» сызу арқылы ойларын жинақтау жүргізілді. Сабақ соңында жасалған кері байланыс оқушы өз ойын ашық айта білумен қатар өтілген тақырыптың маңыздылығын көрсете алды. 


Оқушылардың өзін-өзі бағалауы сабақта өте тиімді болды. Мұғалім өзінің сабақта көздеген мақсатына толығымен жетті. Ашық сабаққа онлайн 4 мұғалім қатысты. Micrasoft Teams платформасында жүктелген видео записьті мұғалімдер көріп шығып кері байланыс орнатты.