Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ҚАЛАЛЫҚ СЕМИНАР: «Қашықтан оқыту жағдайында зерттеу тапсырмалары арқылы оқушыларды шығармашылыққа баулу»
05
май
2021

ҚАЛАЛЫҚ СЕМИНАР: «Қашықтан оқыту жағдайында зерттеу тапсырмалары арқылы оқушыларды шығармашылыққа баулу»

2021 жылдың 5 мамырында Microsoft Teams платформасында онлайн форматында «Қашықтан оқыту жағдайында зерттеу тапсырмалары арқылы оқушыларды шығармашылыққа баулу» атты қалалық семинар өтті.

Семинар мақсаты: Қашықтықтан оқыту жағдайындағы мұғалімнің күнделікті тәжірибесімен және кәсіби шеберлігімен бөлісу.

Лицей оқытушылары оқытуда жүзеге асырылып жүрген білім саласындағы инновациялық өзгерістер - оқытудың интербелсенді әдістемесінің ерекшеліктерімен бөлісіп, интербелсенді оқытудың негізгі қағидаларын, мақсаттарын іске асыру мақсатында білім алушылар арасында ашық, еркін, шығармашылық қарым-қатынас орнату, білім алушыларға білімді дайын күйінде бермей, оны ізденуге бағыт-бағдар, үйренуді практикалық әрекеттерге негіздеу, пән мен тақырыпты күнделікті өмірде туындайтын проблемаларды шешу деп қарастыруды іске асыру ортасын қалыптастырады.

 Лицей  аталған білім беру технологияларын қашықтан білім беру мүмкіндігінде ұсынуды мақсат етіп отыр.

Семинарда ашық сабақтар мен шебер сыныптар өтті. 

Семинарға Педагогикалық шеберлік орталығының Алматы қаласындағы филиалының директоры Асубаев Б.Қ. және қала мектептерінің мұғалімдері қатысып, кері байланыстар берді.

Жауапты үйлестіруші: Слямова Нургуль Рахманкуловна – директордың ғылыми-әдістеме жұмысы жөніндегі орынбасары