Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Қысқаша көбейту формулаларының көмегімен өрнектерді түрлендіру»
12
февраль
2021

«Қысқаша көбейту формулаларының көмегімен өрнектерді түрлендіру»

12.02.2021 күні Математика-информатика бірлестігінің он күндігі аясында математика пәнінің мұғалімі 

Таймұха Төлеш Сарсенбайқыызы 7 «В» сыныбына «Қысқаша көбейту формулаларының көмегімен өрнектерді түрлендіру» тақырыбында онлайн ашық сабақ өткізді. 
Сабақтың мақсаты: 

- алгебралық өрнектерді ықшамдауда қысқаша көбейту формулаларын қолдану;

- көпмүшені көбейткіштерге жіктеуде қысқаша көбейту формулаларын қолдану. 

   
       
         Сабақ барысында оқушылар өзін-өзі бағалау, бірін бірі бағалау негізінде қалыптастырушы бағалар қойып отырды. Үй тапсырмасы жеке жұмыс арқылы тексерілді, оқушыларға жіберген қателеріне тақтада мұғалім кері байланыс беріп отырды. Тапсырмаларды онлайн тақта қолдану арқылы бағыт беріп, соңында есеп жауаптарын оқушылармен талқылау жүргізліп отырды. Бекіту сабақты қорытындылау ереже білу және ережені есепте қолдану тапсырмасымен орындалды. Зерттеу бөлімінде мұғалім оқушыларға С деңгейінде мәтін есеп берді, оқушылар топпен ақылдасып, топта белсенді есепті шығарды. 
         Оқушыларға сұрақ қою арқылы бағыт беріп отырды. Жалпылау бөлімінде есептер шығарылып, жауаптарын оқушылармен тақтада тексерілді.

   


   
        Оқушылардың өзін-өзі бағалауы, бірін бірі бағалауы сабақта өте тиімді болды. Онлайн сабақта топтық жұмыс оқушылардың есепті талқылауында тиімді болды. Мұғалім өзінің сабақта көздеген мақсатына толығымен жетті. Ашық сабаққа 12 мұғалім қатысты.