Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Дарындылар додасы» атты сыныптан тыс іс-шара, "Трапеция ауданы", « Қысқаша көбейту формулаларының көмегімен өрнектерді түрлендіру» тақырыбында онлайн ашық сабақтар.
19
февраль
2021

«Дарындылар додасы» атты сыныптан тыс іс-шара, "Трапеция ауданы", « Қысқаша көбейту формулаларының көмегімен өрнектерді түрлендіру» тақырыбында онлайн ашық сабақтар.

«Дарындылар додасы» атты сыныптан тыс іс-шара 

        М.Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейде математика және информатика пәндері мұғалімдерінің онкүндігіне орай  2021 жылдың 18 ақпанында 7-сыныптар арасында «Дарындылар додасы» атты сыныптан тыс іс-шара өткізілді.

                                        


Әр екі сынып кіріктіріліп, жалпы 3 топ құрылды. 7 «А» сыныбымен 7«Ә» сыныбы 1-топ, 7 «Б» сыныбымен 7 «В» сыныбы  2-топ, 7 «Г»  сыныбымен 7 «Д» сыныбы  3-топ болды. Сайыс жүргізушілері қатысушы топтармен, әділ қазы алқаларымен таныстырды. Сайысты бастамас бұрын әр топқа берілген үй тапсырмалары бойынша, олар топтарының аттарымен, топ басшысын айтып өтті.  Жарыс үш кезеңнен тұрды, бірінші кезең «Ойлы болсаң, озып көр», екінші «Мықты болсаң, тауып көр» кезеңі, үшінші «Тапқыр болсаң – талас жоқ» кезеңі.

Бірінші кезеңде әр топ экранда көрсетілген ұяшықтан кезекпен таңдай отырып жасырылған сұраққа жауап берді, дұрыс жауап берсе ұяшықта жазылған ұпайды иеленді.Бір сұраққа 1 минут уақыт берілді. 


2 кезең  «Мықты болсаң, тауып көр» деп аталады.

Сайыс шарты: әр топ басшысы 1 минут ішінде 15 сұраққа жауап беруі керек,әр дұрыс жауапқа 5 ұпайдан берілді. Егер жауап болмаған жағдайда, келесі сұраққа өтуіне немесе топ мүшелерінен көмек сұрай алды, олар шешкен жағдайда 3 ұпайдан берілді. 

Сайыстың 3 кезеңінде топтық жұмыс орындалды, тапсырманы орындауға 5 минут уақыт берілді. 

Сайыс кезеңдерін қорытындылай келе, әділ қазылар алқасы 1- орынды 2 топ , 2-орынды 3 топ,  ал 3- орынды 1 топ иленгенін атап өтті.

Жүргізушілер сайыс қатысушыларына , көрермендерге алғыс айтып жарысты аяқтады. Іс-шараға қатысқан мұғалімдер, атап айтсақ Слямова Н.Р., Түменбаев М., Сәлімжанов Н. кері байланыстарын берді. Оқушылардың өте белсенді, тапсырмалардың  қызықты, танымдық деңгейде болғанын айтып өтті.

Іс-шараға жауапты мұғалімдер: Құрманғазы Батырбек,Таймұха Төлеш.



18.02.2021 күні Математика-информатика бірлестігінің он күндігі аясында математика пәнінің мұғалімі Несипбергенова Фарида  7 «D» сыныбына « Қысқаша көбейту формулаларының көмегімен өрнектерді түрлендіру»  тақырыбында онлайн ашық сабақ өткізді. 

Оқу мақсаты: - алгебралық өрнектерді ықшамдауда қысқаша көбейту формулаларын қолданады;

- көпмүшені көбейткіштерге жіктеуде қысқаша көбейту формулаларын қолданады;

Сабақ барысында оқушылар өзін-өзі бағалау парағы негізінде өз-өздеріне қалыптастырушы бағалар қойып отырды. Үй тапсырмасы жеке жұмыс арқылы тексерілді, оқушылардың жасаған жұмыстарын мұғаліммен бірге  тексеріп талқылау жүргізілді. Сабақ «Метатаным педагогикасының» негізінде 4 кезең бойынша өтті. Танысу кезеңінде « Білімді жаңғырту »  бөлімінде қысқаша көбейту формулаларымен ережеледі  қайталау,еске түсіру жүргізілді. Келесі салыстыру кезеңінде сәйкестендіру тапсырмасы орындалды. Зерттеу кезеңінде деңгейлік тапсырмалар орындалды. Әр тапсырмалар тексеріліп, бағалау парағына ұпайлары қойылып отырды. Жалпылау бөлімінде  мәтін есеп бойынша өрнек құрып есепті дұрыс шығарды,  оқушылар жауаптарын онлайн  тақтада   тексерді.

     Сабақты қорытындылау  үшін «Метатаным педагогикасының» таным деңгейлерін сақтай отырып метасызбамен қортындылау жүргізілді. Сабақ соңында рефлексия жасалып,  бағалары қойылды.

                                     
Оқушылардың өзін-өзі бағалауы сабақта өте тиімді болды. Мұғалім өзінің сабақта көздеген мақсатына толығымен жетті  және   уақытты  тиімді пайдаланды. Ашық сабаққа 5 мұғалім қатысты.


«Математика-информатика онкүндігі» аясында өткізілген Жоламанова Светлана Асановнаның ашық сабағы
Күні : 18.02.2021 ж
Тақырыбы :  Трапеция ауданы.
Сынып: 8а
Өткізілу түрі :   Онлайн. ( MS)
Сабақтың мақсаты : Трапеция ауданының формуласын пайдаланып, есептер шығару.
Қысқаша жоспары:
1.ТАНЫСУ.
Өткен сабақтарға шолу жасалды. «Трапецияны тағы да танып-білейік» білімді жаңғырту мақсатында  трапеция сызбалары , элементтері, анықтама-сұрақтар қарастырылды. «Бағалау парағын» сабақ кезеңдерінде қолданып отыру тапсырылды.


2.САЛЫСТЫРУ.
«Формулалар сөйлейді.  «Мен кіммін?»   сәйкестендіру тесті бойынша оқушылар фигуралардың аудан формуларын сәйкесінше орындарына қойып шықты.
                                  
3.ЗЕРТТЕУ.
«Белгісіз шаманы тап» тапсырмасы бойынша трпацияның белгісіз қабырғаларын, биіктігін,  ауданын табу кестесі ұсынылып, жауаптар демонстрация арқылы тексерілді.

4.ЖАЛПЫЛАУ.
Оқушыларға сызба тапсырмалары берілді. Шығару жолы тақтада демонстрация арқылы талдап-талқыланды.
5.ҚОРЫТЫНДЫ-Метасызба.
Оқушылар трапеция жайлы алған білімдерін Метасызба арқылы қорытындылады.Метасызба алдын-ала «тимсте задание» арқылы берілген, әр оқушының метасызбасы демонстрация арқылы көрсетілді.Оқушылар өз ойларын рефлексия арқылы жеткізді.Бағалау парақтарына қойған бағаларын мұғалімге жолдады.Мұғалім әр оқушыға жеке кері байланыс беріп, алған ұпай сандарына қарап бағалады.Сабаққа директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ш.Е.Өмірбекова, директордың ғылыми-әдістемелік жөніндегі орынбасары Н.Р. Слямова және математика пәнінің мұғалімдері мен практиканттар қатысты.

                         

6.ПІКІРЛЕР :  
Мұғалім жоспарға сәйкес жұмыс жасады. Уақытты тиімді пайдаланды.Оқушылар алған білімдерін көрсете алды. Тәжірибелі ұстаз онлайн жағдайында сабақтың тиімді тәсілдерін қолданды, демонстрация жасап оқушылар жұмысын әр кезең сайын көрсетіп отырды.