Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Алматы дарыны» орталығы мен ҚБТУ бірлескен робототехника чемпионаты
06
декабрь
2024
«Алматы дарыны» орталығы мен ҚБТУ бірлескен робототехника чемпионаты
2024 жылдың 6-7 желтоқсан аралығында «Алматы дарыны» орталығы мен ҚБТУ бірлескен робототехника чемпионатында М.Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейдің 9 «Д» сынып оқушылары Серикбай Танирберген мен Курмангали Зейн «Best teamwork» номинациясы бойынша финалда жеңіске жетіп, 70 000 тг сыйақыға ие болды. Жетекшісі: Нуруллаев Нурланбек Құттықтаймыз!!! 👏🏻👏🏻👏🏻 Робототехника саласындағы жетістіктеріңмен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл – үлкен еңбек пен табандылықтың нәтижесі. Инновациялық идеяларың
«Almaty CUP II» байқауы
05
декабрь
2024
«Almaty CUP II» байқауы
Лицей мақтаныштары 😍😍😍😍 Алматы қаласының 8-11(12) сынып оқушылары арасында  Британдық Парламенттік Формат бойынша өткен әкім кубогіне арналған «Almaty CUP II» байқауында II дәрежелі орын алғаны үшін «Керей мен Жәнібек» командасы мүшесі 11 «Б» сынып оқушысы Султангазиев Аянби марапатталды. Құттықтаймыз!
Эссе байқауы: «Жемқорлық біз үшін емес»
04
декабрь
2024
Эссе байқауы: «Жемқорлық біз үшін емес»
Лицей мақтаныштары 😍😍😍😍 Сыбайлас Жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және парасаттылық құндылықтарды ілгеріету мақсатында өткен «Жемқорлық біз үшін емес» атты эссе байқауына қатысып, I орынға ие болғаны үшін лицейіміздің 10«Г» сынып оқушысы Қожахмет Гүлжайна Еркебұланқызы марапатталды. Құттықтаймыз!
Түсіндірме жұмыстары
02
декабрь
2024
Түсіндірме жұмыстары
02.12.2024ж.Лицей инспекторы Әлжанов Арман оқушыларға түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Түсіндірме жұмыстары барысында оқушыларға күнделікті мектеп ішіндегі ережелерді сақтау, қоғамдық тәртіпті бұзбау және жеке қауіпсіздік шараларын ұстанудың маңыздылығы түсіндірілді. Инспектор жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттері туралы ақпарат беріп, олардың сұрақтарына жауап берді. Сонымен қатар, оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру үшін қосымша ақпараттық материалдар таратылды.
AFL Kids Almaty жарысы
29
ноябрь
2024
AFL Kids Almaty жарысы
5 “А” сынып оқушысы Байменов Ибрахим “Қайрат” командасының құрамында футболдан AFL Kids Almaty жарысында 1-орын алды. Ибрахим мен оның командасының еңбегі, табандылығы және жеңіске деген құштарлығы барлық жас спортшыларға үлгі болсын. Біз сенімен мақтанамыз! Алдағы уақытта да осындай жарқын жеңістер мен жетістіктер тілейміз!  
Ұлдар жиналысы: «Жасөспірімдер арасындағы моббинг пен буллингтің алдын алу»
27
ноябрь
2024
Ұлдар жиналысы: «Жасөспірімдер арасындағы моббинг пен буллингтің
27.11.2024ж. күні лицейдің 10-11 сыныптың  ұлдарына директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Орынбаева Алия Ахметовнаның ұйымдастыруымен «Жасөспірімдер арасындағы моббинг пен буллингтің алдын алу»  тақырыбында ұлдар жиналысы өткізілді. 🔰Мақсаты : Құқықтық тәрбиенің өмірілік қажеттілігін оқушыларға түсіндіру. Құқықтық тәрбиенің, жігердің қоғамда маңызы зор екендігін түсіндіріп, құқықтық сауатқа тәрбиелеу, өз ойларын еркін айтуға үйрету. Ұлдар кеңесінің төрағалары Журекбаев Серик және
Конькимен жүгіру спортынан ҚР-ның чемпионаты
27
ноябрь
2024
Конькимен жүгіру спортынан ҚР-ның чемпионаты
Конькимен жүгіру спортынан БЖСМ, ОРБЖСМ, СДБМИК, ЖШСМ,ОРДО, спорт ұйымдары оқушылар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатында 1000 қашықтықта 1.39.12 нәтижемен 7«Б» сынып оқушысы Абдуллабек Дармен 3- орын иеленді. Құттықтаймыз!
Аудандық пікірсайыс турнирі
26
ноябрь
2024
Аудандық пікірсайыс турнирі
Лицей мақтаныштары 😍😍😍😍 Бостандық ауданы мектеп оқушылары арасында өткен аудандық пікірсайыс турнирінде Махатма Ганди атындағы №92 Мамандандырылған лицей командасы  1 орын алганы үшін марапатталды. Жетекшісі:Абылқасым Мөлдір Құттықтаймыз!
Парламенттері көшбасшыларының аудандык слеті «МЕН- КӨШБАСШЫМЫН!»
26
ноябрь
2024
Парламенттері көшбасшыларының аудандык слеті «МЕН- КӨШБАСШЫМЫН!»
«МЕН- КӨШБАСШЫМЫН!» атты білім беру ұйымдарының мектеп парламенттері көшбасшыларының аудандык слетінің аясында ұйымдастырылған білім алушылардың әлеуметтік жобаларының (табысты тәжірибе) көрмесіне катысып I дәрежелі диплом алғаны үшін 9«Г» сынып оқушысы Махмет Балнұр Мұратқанқызы марапатталды. ❇️Жетекшісі: Қуандықова Әлия Сейілханқызы Құттықтаймыз!
Зиянды әдеттерден аулақ бол!
25
ноябрь
2024
Зиянды әдеттерден аулақ бол!
Лицей психологі А.Б. Турсунбекова оқушыларды зиянды әдеттердің (темекі шегу, ішімдік ішу, есірткі қолдану, компьютерлік ойындарға тәуелділік және т.б.) денсаулыққа, оқуға және болашаққа кері әсерін түсіндіру, олардан аулақ болуға үйрету мақсатында 6-сынып оқушыларына түсіндірме жұмыстарын жүргізді.