Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Зерде» конкурсының қалалық кезеңінің жеңімпаздары
22
январь
2025
«Зерде» конкурсының қалалық кезеңінің жеңімпаздары
Лицей директоры Шажабаева Кульжан Сауытқызы 2-7 сынып оқушылары арасында зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларынан XX Республикалық «Зерде» конкурсының қалалық кезеңінің II  және III дәрежелі диплом иегерлерін жеңістерімен құттықтады.  1.Иманғали Нұртас 2 дәрежелі орын 2.Каримтаева Фатима 2 дәрежелі орын 3.Жеңіс Аяла 3 дәрежелі орын 4.Махатай Ерасыл 3 дәрежелі орын Құттықтаймыз!
Шахмат үйірмесі өткізілді
21
январь
2025
Шахмат үйірмесі өткізілді
21.01.2025 ж. М.Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейде шахмат үйірмесі өткізілді. Бұл үйірме оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытуға, стратегиялық шешімдер қабылдау дағдыларын қалыптастыруға және өзара ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған. Үйірмеге әртүрлі жастағы оқушылар қатысып, шахмат ойынының ережелері, тиімді тактикалар мен стратегиялар бойынша жаңа білім алды. Жетекші жаттықтырушы қатысушыларға әртүрлі ойын әдістерін түсіндіріп, олардың практикалық дағдыларын арттыру үшін
Түсініктеме жұмыстары: «Жол қозғалысы ережелері»
21
январь
2025
Түсініктеме жұмыстары: «Жол қозғалысы ережелері»
21.01.2025ж.М.Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицей инспекторы Әлжанов Арман және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қуандықова Алия Сейілханқызы оқушыларға «Жол қозғалысы ережелері», «Балалар жарақаты» тақырыпта түсініктеме жұмыстарын жүргізді. Іс-шара барысында оқушыларға жол қауіпсіздігі ережелерін сақтау және жарақаттардың алдын алу жолдары туралы кеңестер берілді. Мұндай бастамалар балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және олардың жауапкершілігін арттыру үшін өте маңызды.  
Кәсіби бағдар беру жұмыстары
20
январь
2025
Кәсіби бағдар беру жұмыстары
 20 қаңтар 2025 жылы KIMEP университетінде кәсіби бағдар беру жұмыстары сәтті өткізілді. Іс-шара барысында университеттің өкілдері талапкерлерге білім беру бағдарламалары, оқуға түсу талаптары, сондай-ақ студенттік өмірдің ерекшеліктері туралы толық ақпарат берді. Бұл мүмкіндік жастарға болашақ мамандықты дұрыс таңдауға, жоғары білім алудың артықшылықтарын түсінуге және университеттің мүмкіндіктерімен танысуға көмектесті. 🔗 KIMEP университетінде білім алу сіздің болашағыңызға сенімді қадам
Республикалық «Зерде» конкурсының қалалық кезеңі
20
январь
2025
Республикалық «Зерде» конкурсының қалалық кезеңі
2-7 сынып оқушылары арасында зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларынан XX Республикалық «Зерде» конкурсының қалалық кезеңінің Этномәдениеттану секциясы бойынша  6«А» сынып оқушылары: 1.Иманғали Нұртас 2.Каримтаева Фатима II дәрежелі дипломдарымен марапатталды. Жетекшісі:Назарбекова Мейрамкуль
«Ontustik first championship» робототехника жарысы
19
январь
2025
«Ontustik first championship» робототехника жарысы
Махатма Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейдің Мереке Амир 8 «Ә» сынып Қабдолов Аслан 10 «Г» сынып Болат Бекжан 11 «А» сынып Ережеп Ернұр 11 «В» сынып Сәрсенбай Бейбарыс 11 «Г» сынып оқушылары 18-19 қаңтар аралығы Шымкент қаласында өткен республикалық «Ontustik first championship» робототехника жарысының 1-орын жеңімпаздары атанды. 🔸Оқушыларды айтулы жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл жетістік – сендердің табанды еңбектеріңнің, шығармашылық ізденістеріңнің, сондай-ақ жаңа
Шахматтан “Ақбозат” Республикалық турнирі
18
январь
2025
Шахматтан “Ақбозат” Республикалық турнирі
Мектеп лигасының аясында Шахматтан “Ақбозат” Республикалық турнирінің аудандық кезеңінің 7-8 сынып оқушылары арасында 1-орын!!! Команда: 8«Б» сынып оқушысы Мейрам Құрмет 8«А»  сынып оқушысы Есен Алишер  7«Б»  сынып оқушысы Кәрімтаев Абай 8«Ә»  сынып оқушысы Еркінқызы Нұрым Құттықтаймыз!
«Табысты мектеп: мектеп ұжымы арқылы білім сапасын басқару» (Сингапур тағылымдамасы)
17
январь
2025
«Табысты мектеп: мектеп ұжымы арқылы білім сапасын басқару» (Сингапур
Лицейіміздің директоры К.С. Шажабаева бастаған шетелдік тағылымдамадан өткен ұстаздарымыз өз тәжірибелерімен бөлісу мақсатында әл-Фараби атындағы №145 мектеп-гимназиясына және М.Базарбаев атындағы №138 семинар өткізді.  Семинар соңында лицей психологтары Ә.Н. Полатбекова, А.Б. Турсунбекова «Ұжымдық гормония» тақырыбында психологиялық тренинг жүргізді. Тренинг барысында «Көтеріңкі көңіл-күйді тарату және ұстап алу», «Живой оркестор» жаттығулары жүргізіліп, сенім мен құрметтің рөлі,  ұжымдық
Дәріс:  “Жақсылыққа жол аш, нашақорлыққа жол берме!”
17
январь
2025
Дәріс: “Жақсылыққа жол аш, нашақорлыққа жол берме!”
17.01.2025ж. күні М.Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейдің 10-11 сынып оқушыларына Бостандық ауданы прокуратурасының бөлім прокуроры Ризван Санжар Қайруллаұлы “Жақсылыққа жол аш, нашақорлыққа жол берме!” тақырыбында дәріс өткізді. 🔰Мақсаты: қоғамда нашақорлықтың зиянды әсерлерін түсіндіру, адамдарды зиянды әдеттерден сақтандыру, сондай-ақ жақсылыққа ұмтылу мен салауатты өмір салтын насихаттау.
IV «Ділмар» республикалық шешендік өнер байқауы
17
январь
2025
IV «Ділмар» республикалық шешендік өнер байқауы
Оқушыларға сөз өнерінің ерекшелігі мен жүйелі сөз саптау шарттарын менгерту мақсатында өткен жалпы білім беретин мектеп оқушыларының арасында IV«Ділмар» республикалық шешендік өнер байқауының аудандық кезеңінде II орын алғаны үшін 11 сынып оқушысы Сұлтанғазиев Аянби марапатталды. Жетекшісі:Абылқасым Мөлдір Құттықтаймыз!