19
январь
2025
«Ontustik first championship» робототехника жарысы
Махатма Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейдің
Мереке Амир 8 «Ә» сынып
Қабдолов Аслан 10 «Г» сынып
Болат Бекжан 11 «А» сынып
Ережеп Ернұр 11 «В» сынып
Сәрсенбай Бейбарыс 11 «Г» сынып оқушылары 18-19 қаңтар аралығы Шымкент қаласында өткен республикалық «Ontustik first championship» робототехника жарысының 1-орын жеңімпаздары атанды.
🔸Оқушыларды айтулы жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл жетістік – сендердің табанды еңбектеріңнің, шығармашылық ізденістеріңнің, сондай-ақ жаңа технологияларды меңгеруге деген жоғары ұмтылыстарыңның, әрдайым қолдау көрсетіп жетістікке жетелейтін лицей директоры Шажабаева Кульжан Сауытқызы мен өз існің үздігі, информатика және робототехника пәні мұғалімі Ергеш Нұрсұлтан Сагитянұлының жемісі деп білеміз.
🔹Сендер еліміздің болашағына сенім ұялатып, инновациялар мен ғылымды дамытуда үлгі көрсете алдыңдар. Жетістіктерің еліміздің жастарына жаңа серпін беріп, көптеген табыстарға бастама болады деп сенеміз. Алдағы уақытта да тың белестерді бағындырып, Қазақстанды халықаралық деңгейде таныта берулеріңе тілектеспіз.