Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Ө.Жолдасбеков атындағы зерттеу жобалары конкурсы
14
март
2025
Ө.Жолдасбеков атындағы зерттеу жобалары конкурсы
Махатма Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейдің 11 «А» сынып оқушысы Айтуар Алтынай  12-13 наурыз аралығында Астана қаласында өткен ХV Халықаралық Ө.Жолдасбеков атындағы математика және механика бойынша зерттеу жобалары конкурсында ІІІ орын жеңімпазы атанып, қола медалға ие болды.  Ғылыми жетекшісі: Намиалиев Камбар Кошкарбаевич  Бұл үлкен жетістік қажырлы еңбегің мен зейінді жұмысыңның нәтижесі ғана емес, сонымен қатар білім мен ғылымға деген шынайы қызығушылығың мен адалдығыңның айқын
Түсініктеме жұмыстары: «Қауіпсіз жол қозғалысы ережелері»
13
март
2025
Түсініктеме жұмыстары: «Қауіпсіз жол қозғалысы ережелері»
13.03.2025ж.М.Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицей инспекторы Әлжанов Арман және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қуандықова Алия Сейілханқызы оқушыларға «Қауіпсіз жол қозғалысы ережелері» тақырыпта түсініктеме жұмыстарын жүргізді.
«Көктемгі демалыстағы ең үздік профорентациялық лагерь» бағдарламасы
12
март
2025
«Көктемгі демалыстағы ең үздік профорентациялық лагерь» бағдарламасы
12.03.2025ж.Профориентатор, шетелге оқуға түсу эксперті Зиябеков Бақнұр лицейіміздің 8-9-10 сынып оқушыларына «Көктемгі демалыстағы ең үздік профорентациялық лагерь» бағдарламасымен таныстырды.Бұл лагерь -баланың сенімділігін арттырып, оның болашақ мамандығын анықтауға көмектестін ерекше бағдарлама.
Ұлттық ойындарды жаңғыту
12
март
2025
Ұлттық ойындарды жаңғыту
Қазақтың ұлттық ойыны: ”Қол күрес” Ойынның шарты: Столдың шетіне қарама – қарсы екі ойыншы оң қолдарының шынтағын столға тіреп қояды да, бірінің қолын бірі алақандастыра мықтап ұстайды. Сол жақтағы қолдарын әркім өзінің оң жақ қолтығына тығып алады.Ұлттық ойынды дамыту мақсатында  8-сынып оқушыларына қол күрестен жарыс өтілді.
Волейболдан жарыс
12
март
2025
Волейболдан жарыс
Оқушыларды топ болып жұмыс істеуге, бір-бірімен ынтымақтастықта болуға, ортақ мақсатқа ұмтылуға,оқушылардың физикалық төзімділігін арттыру, олардың шыдамдылық деңгейін көтеру үйрету мақсатында лицейміздің 9-11 сынып оқушылары волейболдан өзара командалық ойын ойнады.
“Көшбасшылықты дамыту: Стратегиялар мен құралдар”  жарысы
11
март
2025
“Көшбасшылықты дамыту: Стратегиялар мен құралдар” жарысы
“Көшбасшылықты дамыту: Стратегиялар мен құралдар” оқушылардың өзін-өзі басқару көшбасшылары үшін білім беру интенсивінің қалалық кезеңінің ІІ дәрежелі жүлдегері болып Серік Алихан атанды.  Жетекшісі: Өтеш Зухра Нұрғалиқызы
Шахмат үйірмесі
11
март
2025
Шахмат үйірмесі
2025 жылғы 11 наурызда мектепте шахмат үйірмесі өткізілді! Бұл шараға қызығушылық танытқан оқушылар қатысып, өздерінің логикалық ойлау қабілеттерін сынап, шеберліктерін арттырды. Шахмат — тек ойын ғана емес, ол ойлау, жоспарлау және стратегиялық шешімдер қабылдау қабілеттерін дамытатын керемет мүмкіндік. Оқушылар арасындағы тартысты бәсекелер өте қызықты өтті! Болашақта осындай үйірмелердің жалғасы болып, оқушылардың интеллектуалдық деңгейін одан әрі көтеруге септігін тигізеді деп сенеміз.
Ұлдар жиналысы: «Батыр бабаларымыздың ізгілік іздерімен»
11
март
2025
Ұлдар жиналысы: «Батыр бабаларымыздың ізгілік іздерімен»
11.03.2025ж күні лицейдің 7-9 сыныптың  ұлдарына директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қуандықова Әлия Сейілханқызының ұйымдастыруымен «Батыр бабаларымыздың ізгілік іздерімен»  тақырыбында ұлдар жиналысын өткізілді. 🔰Мақсаты : ұлдарға патриотизмді, отан сүйгіштік пен ұлттық құндылықтарға құрмет көрсету сезімін дамыту. Сонымен қатар, батыр бабаларымыздың ізгі қасиеттері арқылы ер азамат ретінде жауапкершілік, намыс, адалдық және ізгілік қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған. Ұлдар
8-сынып оқушыларымен жүргізілген тренинг
10
март
2025
8-сынып оқушыларымен жүргізілген тренинг
Заманауи қоғамда әлеуметтік желілерді пайдалану кеңінен таралғандықтан, оқушылардың интернетте қауіпсіз болуын қамтамасыз ету өте маңызды.Тренинг барысында оқушыларға интернеттегі жеке мәліметтерін қорғау, кибербуллингпен күресу, жалған ақпараттан сақтану, жеке шекараларды құрметтеу, сондай-ақ интернет-қауіптерден қорғау жолдары туралы түсінік беріледі.