Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Алтын сақа» олимпиадасы
25
апрель
2025
«Алтын сақа» олимпиадасы
Республикалық «Алтын сақа» олимпиадасының облыстық кезеңінде көрсеткен үздік нәтижелері үшін лицейімізге 🏅«ЕҢ ҮЗДІК ОЛИМПИАДАЛЫҚ КОМАНДА - 2025» атағы берілді! Оқушыларымыздың ғылымға деген қызығушылығы, ұстаздарымыздың білімі мен үздіксіз қолдауының арқасында осындай жоғары деңгейге қол жеткіздік.
“Алтын сақа” олимпиадасының қалалық кезеңі
25
апрель
2025
“Алтын сақа” олимпиадасының қалалық кезеңі
Лицей оқушылары 5-6 сыныптары Республикалық “Алтын сақа” олимпиадасының қалалық кезеңінің жеңімпаздарын марапаттау шарасына қатысып жүлделі орындарға ие болып қайтты: 5”А” сынып оқушысы Аманкелдіұлы Мұхтар 1-орын🥇 5”А” сынып оқушысы Аманкел Асылхан 2-орын 🥈 6”А” сынып оқушысы Қайратұлы Қайсар 3-орын🥉 6”Ә” сынып оқушысы Нұрсапа Нұрислам 3-орын🥉
«Жұлдызды сәт» байқауы
24
апрель
2025
«Жұлдызды сәт» байқауы
Алматы қаласы Білім басқармасының «Алматы дарыны» орталығының ұйымдастыруымен халықаралық балаларды қорғау күні мерекесіне арналған «Алматы БАЛАFEST – 2025» фестиваль аясында «Жұлдызды сәт» байқауының 5-8 сынып жас тобы арасында «Ұлттық музыкалық аспапта орындау» номинациясы бойынша аудандық кезеңінде Какимов Елдос 3-орынға ие болды. Жетекшісі: музыка пәні мұғалімі Ильясов С.К.
«Жұлдызды сәт» байқауы
24
апрель
2025
«Жұлдызды сәт» байқауы
Алматы қаласы Білім басқармасының «Алматы дарыны» орталығының ұйымдастыруымен халықаралық балаларды қорғау күні мерекесіне арналған «Алматы БАЛАFEST – 2025» фестиваль аясында «Жұлдызды сәт» байқауының 5-8 сынып жас тобы арасында «Ұлттық музыкалық аспапта орындау» номинациясы бойынша аудандық кезеңінде Төлендиева Аруай 3-орынға ие болды. Жетекшісі: музыка пәні мұғалімі Ильясов С.К.
«Алматы БАЛАFEST – 2025» фестиваль
24
апрель
2025
«Алматы БАЛАFEST – 2025» фестиваль
Алматы қаласы Білім басқармасының «Алматы дарыны» орталығының ұйымдастыруымен халықаралық балаларды қорғау күні мерекесіне арналған «Алматы БАЛАFEST – 2025» фестиваль аясында «Бояулар құпиясы» байқауының 5-8 сынып жас тобы арасында «Роботтар көмекші ретінде» номинациясы бойынша аудандық кезеңінде Сәмет Елнұр 2-орынға ие болды.  Жетекшісі: технология пәні мұғалімі Айнетулла Н.А.
«Балафест» байқауы
17
апрель
2025
«Балафест» байқауы
М.Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейдің 6 «А» сынып оқушылары «Театр өнері арқылы оқуға» бағыты аясында аудандық «Балафест» байқауына қатысып, 1-орынды жеңіп алды! 🏆🎭 📍 №146 мектеп-лицейінде өткен байқауда оқушылар Бердібек Соқпақбаевтың «Ағаштар неге ашуланды?» атты әңгімесі негізінде театрлық көрініс қойып, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Қазылар алқасының шешімімен біздің лицей аудан мектептері арасында үздік деп танылды! ✨ Мақсаты: Оқушыларды еңбекқорлыққа, табиғатты аялауға,
Бокстан жасөспірімдер арасындағы ашық біріншілік
16
апрель
2025
Бокстан жасөспірімдер арасындағы ашық біріншілік
«Айдар» бокс клубының жасөспірімдер арасындағы ашық біріншілігінде I орын алғаны үшін 8«А» сынып оқушысы Жаңабай Ерсін марапатталды. Лицей мақтанылтары 😍😍😍😍 XXIV Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының II дәрежелі дипломымен  Жаксыбек Айша Бейкадарқызы марапатталды. Құттықтаймыз💐
«Ғылым әлемін ашамыз» атты халықаралық ғылыми конкурс
15
апрель
2025
«Ғылым әлемін ашамыз» атты халықаралық ғылыми конкурс
Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Махатма Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицей директоры Шажабаева Кульжан Сауытовна «Ғылым әлемін ашамыз» атты халықаралық ғылыми конкурстың 1-орын жеңімпаздары 10 «Ә» сынып оқушылары Жақсылыққызы Лейла мен Мухажан Арайлымды құттықтады. Дарынды шәкірттерімізбен әрдайым мақтанамыз!
«Open Аir Sport» жарысы
12
апрель
2025
«Open Аir Sport» жарысы
«Open Аir Sport» жарысының 5-6 сынып арасындағы аудандық кезеңінде Махатма Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицей оқушылары шахматтан III орынға ие болды.
Байқау: «Ілияс Жансүгіров  оқулары»
11
апрель
2025
Байқау: «Ілияс Жансүгіров оқулары»
Жалпы білім беру ұйымдарының 8-11 сынып оқушылары арасында өткен «Ілияс Жансүгіров  оқулары» байқауының аудандық кезеңінің «Ілияс-эпик ақын»бағыты бойынша  Жанат Айжан II дәрежелі дипломымен марапатталды. Жетекшісі:қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі  Мунасаева Р.Н. Құттықтаймыз!