Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Конькимен жүгіру спортынан Қазақстан Республикасының чемпионаты
17
февраль
2026
Конькимен жүгіру спортынан Қазақстан Республикасының чемпионаты
19.01–07.02.2026 ж.Қостанай қаласында өткен спорт ұйымдары оқушылары арасындағы конькимен жүгіру спортынан Қазақстан Республикасының жеке-командалық чемпионатында М.Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицей 8 «Ә» сынып оқушысы Бакитжан Арнұр орта жас ерекшелігі бойынша жоғары нәтиже көрсетіп, Қазақстан Республикасы чемпионатында 🥇 1 алтын, 🥈 2 күміс, 🥉 1 қола жүлдені иеленді. Жас спортшымызды зор жетістігімен құттықтай отырып, алдағы жарыстарда да биік белестерді бағындыруына тілектеспіз! 🌟
Оқушымыз қаңтар  ҰБТ бойынша үздік нәтиже көрсетті
14
февраль
2026
Оқушымыз қаңтар ҰБТ бойынша үздік нәтиже көрсетті
Махатма Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейдің 11 «А» сынып оқушысы Миятқызы Мереке қаңтар айындағы ҰБТ нәтижесі бойынша 134 балл жинап, жоғары нәтиже көрсетті. Жоғары білім мен табандылықтың арқасында шәкіртіміз үлкен жетістікке жетіп, Дубай қаласына жолдама ұтып алды. ✈️🏆 Бұл – лицейіміз үшін зор мақтаныш! Мерекеге алдағы білім жолында толағай табыстар мен жаңа белестер тілейміз! 
Қалалық «Жырлайды жүрек» байқауы
10
февраль
2026
Қалалық «Жырлайды жүрек» байқауы
Жырлайды жүрек – жырмен өрілген жеңіс! ✨ Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына арналған қалалық «Жырлайды жүрек» байқауында 6 «А» сынып оқушысы Аққұл Раяна жүлделі 🥉ІІІ орынға ие болды!  Раяна поэзия әлеміне терең бойлап, Мұқағали жырларын жүрекпен жеткізе білді. Оның сахнадағы шынайылығы мен мәнерлі оқуы көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. 💫 👩‍🏫 Жетекшісі: Мунасаева Рая Нұрқызы Жас дарынға шығармашылық табыс, биік белестер тілейміз!  Жырдан қуат алып, талай байқауларда топ жарып жүре берсін! 
«Мұқағали Мақатаев оқулары» байқауы
06
февраль
2026
«Мұқағали Мақатаев оқулары» байқауы
Лицей оқушылары «Мұқағали Мақатаев оқулары» байқауының аудандық кезеңінде жүлделі орындарға ие болды! 👏 🥇 I орын 🔹 Махмет Балнұр «Көкірегімде жыр сәулесі маздайды…» номинациясы Жетекшісі: Назарбекова М.М. 🥉 III орын 🔹 Рашид Айқаракөз «Дариға, домбырамды берші маған» номинациясы Жетекшісі: Юлдашева Г.Б. Жас өнерпаздарымызды тамаша жетістігімен құттықтай отырып, жетекшілеріне шығармашылық еңбектері үшін зор алғыс білдіреміз! 🌸 Поэзияға деген сүйіспеншілік пен рухани байлық әрдайым серік болсын! ✨
«Зерде» республикалық жобалар конкурсының жеңімпаздары
06
февраль
2026
«Зерде» республикалық жобалар конкурсының жеңімпаздары
2–7 сынып оқушылары арасында өткен «Зерде» республикалық жобалар конкурсының қалалық кезеңінде оқушыларымыз жүлделі орындарға ие болды! 👏 🥉 III орын иегерлері: * Абай Анель * Отыншиева Кәусар * Асылбекұлы Арсен * Бақтыбай Айбын 📜 Грамотамен марапатталды: * Бахыт Мерей Жас зерттеушілерімізді білімге деген құштарлығы мен ізденісі үшін шын жүректен құттықтаймыз! 🌟 Оқушыларды дайындаған жетекшілерге ерекше алғыс білдіреміз: 👩‍🏫 Жумабекова К.А. 👩‍🏫 Рамазанова А.А. 👩‍🏫 Калыева А.Р. Алдағы уақытта да
Шахматтан қалалық іріктеу кезеңі
03
февраль
2026
Шахматтан қалалық іріктеу кезеңі
Жалпы білім беретін мектеп лигасының қалалық іріктеу кезеңінде өткен шахмат «Ақбозат» спорт түрінен 9–11 сынып оқушылары арасында мектебіміздің командасы III орынды иеленді. Жас спортшыларымызды жетістігімен құттықтай отырып, алдағы жарыстарда сәттілік тілейміз! 👏✨ Жетекшісі: Ильяс Т.Н.
Авиамодельдеу және робототехника бағыттары бойынша қалалық жарыс
31
январь
2026
Авиамодельдеу және робототехника бағыттары бойынша қалалық жарыс
2026 жылғы 31 қаңтар күні Алматы қаласында «SMART SARBAZ – 2026» бағдарламасы аясында дрон-рейсинг, авиамодельдеу және робототехника бағыттары бойынша қалалық жарыс өткізілді. Аталған жарысқа «Махатма Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицей» КММ-нің 10 «В» сынып оқушылары қатысып, робототехника («Менің роботым») секциясы бойынша жүлделі І орынға ие болды! 🥇🎉 🏢 Бұл жарысқа: 🔹 Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті, 🔹 Алматы энергетика және байланыс университеті, 🔹 басқа да жоғары оқу
Халықаралық Ice Tiger Cup турнирі
27
январь
2026
Халықаралық Ice Tiger Cup турнирі
8 «Г» сынып оқушысы Есалы Саида халықаралық Ice Tiger Cup турнирінде өнер көрсетіп, І ОРЫН иеленді! 🥇 Бұл — қажырлы еңбек, табандылық пен үлкен мақсаттың нәтижесі. Саиданың жетістігі – тек отбасының ғана емес, бүкіл мектебіміздің, елдің абыройы! 🇰🇿 Алдағы уақытта да жаңа белестерді бағындырып, биік шыңдардан көріне беруіне тілектеспіз. Жеңістерің көп болсын, чемпион! 💫
Интеллектуалдық ойын: «Qarzhy Sagshysy»
23
январь
2026
Интеллектуалдық ойын: «Qarzhy Sagshysy»
Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы мен Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің ұйымдастыруымен «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында мектептерде өткізілген «Qarzhy Sagshysy» 💻 ойынында 9 «В» сынып оқушылары Аджиқадыр Алихан және Бейсенбай Бейбіт жүлделі орын алып, жеңімпаз атанды  және марапаттау грамотасына ие болды 📜. Жас зияткерлерімізді шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да жаңа белестерді бағындырып, жетістіктерге жетулеріне
Бес асық ұлттық ойыны бойынша қалалық іріктеу кезеңі
22
январь
2026
Бес асық ұлттық ойыны бойынша қалалық іріктеу кезеңі
Бес асық ұлттық ойыны бойынша 7–8 сынып қыздар арасында өткен қалалық іріктеу кезеңінде оқушымыз Қайрбек Сабрина 🏆 жүлделі орынға ие болып, Дипломмен марапатталды! Бұл жетістік – тынымсыз еңбек пен ұлттық спортқа деген сүйіспеншіліктің жемісі. Жетекшісі Сисенова Жанар ұстазына кәсіби қолдауы мен еңбегі үшін алғыс білдіреміз. Сабринаға алдағы жарыстарда сәттілік пен жаңа жеңістер тілейміз!