27
ноябрь
2025
11-сынып оқушыларымен жүргізілген тренинг
Тақырыбы: «Сенім мен мақсат»
Мақсаты: Оқушылардың өз-өзіне деген сенімділігін арттыру, алдағы өмірлік мақсаттарын айқындауға бағыт беру, ҰБТ кезеңінде психологиялық тұрақтылықты қалыптастыру.
Тренинг барысы: оқушылармен түрлі психологиялық жаттығулар мен сергіту сәттері өткізілді. «Менің жетістіктерім», «Қар қиыршықтары» және «Менің болашағым» атты тапсырмалар арқылы әр оқушы өз өмірлік мақсаты жайлы ой қозғап, жоспар құруға тырысты. Сонымен қатар, топтық жұмыс кезінде өзара қолдау мен сенім атмосферасы қалыптасты.