Шебер сабақ: «Сабақта белсенді әдістерді тиімді қолдану»
2026 жылдың 20 наурыз күні лицейдің әдістемелік жоспарына сәйкес жас мамандарға арналған озық тәжірибе мектебінің аясында «Сабақта белсенді әдістерді тиімді қолдану» тақырыбында шебер сабақ өткізілді. Шебер сабақты тәжірибелі мұғалім, педагог-зерттеуші, Назарбекова Мейрамкуль Мухташовна жүргізді. Қазіргі білім беру жүйесінде мұғалімнің негізгі міндеті – тек білім беріп қана қоймай, оқушыны ойлануға, талдауға, өз пікірін еркін жеткізуге бағыттау. Осы тұрғыда белсенді әдістердің орны ерекше