Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
5th Open Chess Menorca халықаралық турнирі
14
апрель
2026
5th Open Chess Menorca халықаралық турнирі
5th Open Chess Menorca халықаралық турнирінде Махатма Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейінің 6 “Б” сынып оқушысы Қуандықұлы Данис жақсы ойын көрсетіп, лайықты нәтижеге қол жеткізді ♟️ Гроссмейстер және халықаралық шебер қарсыластарымен өткен тартысты партияларда Данис өзінің шеберлігін, табандылығын және жеңіске деген жігерін көрсете білді. Әр партия – тәжірибе, әр турнир – жаңа белес. Даниске алдағы жарыстарда бұдан да үлкен жетістіктер тілейміз! 🔥 Алға, жаңа жеңістерге! 
Ашық сабақ: «Жай механизмдер»
14
апрель
2026
Ашық сабақ: «Жай механизмдер»
14.04.2026 күні Физика-Информатика айлығы аясында физика пәнінің мұғалімі Рахимов Жанболат 7 «В» сыныбында «Жай механизмдер» тақырыбында ашық сабақ өткізді. ⚙️ Сабақтың мақсаты – жай механизмдердің түрлерін таныстыру, олардың жұмыс істеу принциптерін түсіндіру және күнделікті өмірде қолданылуын көрсету. 🔬 Оқушылар сабақ барысында жай механизмдерге қатысты теориялық білімдерін меңгеріп, практикалық тапсырмалар арқылы білімдерін нығайтты.
Ғарыштық технологиялар мен техника бойынша V Халықаралық байқауы
11
апрель
2026
Ғарыштық технологиялар мен техника бойынша V Халықаралық байқауы
«Kazakhstan Smart Space» ғарыштық технологиялар мен техника бойынша V Халықаралық байқауында 9-сынып оқушылары Мыңжан Анел мен  Рашид Айқаракөз🥇 I орын иегері атанды! 👩🏻‍💻Жетекшісі: Рсалиева А.А. 🌌 Ғарыш саласындағы білім мен инновацияға деген қызығушылықтарын дәлелдеп, жоғары нәтиже көрсеткен оқушыларымызды шын жүректен құттықтаймыз! 🌟 Алар асуларыңыз биік болсын!
Ата-аналар жиналысы
10
апрель
2026
Ата-аналар жиналысы
 «Мейірімді сөз – бала жүрегіне әсер ететін ең қуатты құрал» Мектебімізде жалпы ата-аналар жиналысы жоғары деңгейде өткізілді 👨‍👩‍👧‍👦 Жиналыс барысында бала тәрбиесі , білім сапасын арттыру және ата-ана мен мектеп арасындағы байланыс туралы маңызды мәселелер талқыланды. Кездесуге арнайы қонақ ретінде белгілі сарапшы Сейілбек Мырзабай қатысып, ата-аналармен мазмұнды пікір алмасу жүргізді 🗣️ 💡 Кездесу өте әсерлі әрі пайдалы өтіп, ата-аналар бала тәрбиесіне қатысты көптеген құнды ақпарат алды.
Біліктілікті арттыру курсы ұйымдастырылды
08
апрель
2026
Біліктілікті арттыру курсы ұйымдастырылды
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасы және Ресей ынтымақтастығының Қазақстан Республикасындағы өкілдігі (Алматы қ.) бірлесіп, ағымдағы жылдың 06–08 сәуір күндері «Модерация и методы активного общения с читателями. Теоретическая и практическая часть» тақырыбында біліктілікті арттыру курсын ұйымдастырды. 📖 Үш күнге созылған курс барысында Алматы қаласының кітапханашылары заманауи әдістермен танысып, теориялық білімдерін тәжірибелік ойындар
Физика-Информатика айлығының салтанатты ашылуы өтті
06
апрель
2026
Физика-Информатика айлығының салтанатты ашылуы өтті
06.04.2026 ж. М.Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейде Физика-Информатика айлығының салтанатты ашылуы өтті! 🔬⚡ Айлықтың мақсаты — оқушылардың ғылымға деген қызығушылығын арттырып, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, заманауи технологияларды терең меңгеруге бағыт беру. Ашылу барысында қызықты тәжірибелер көрсетіліп, оқушылар белсенді қатысып, өз білімдерін шыңдауға мүмкіндік алды 💡💻 Алда бізді түрлі сайыстар, жобалар, зияткерлік ойындар мен ерекше іс-шаралар күтуде! 📌 Бізбен бірге
Баяндама: «Педагогтің моральдық-адамгершілік бейнесі»
30
март
2026
Баяндама: «Педагогтің моральдық-адамгершілік бейнесі»
26 жылғы 27 наурызда М.Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейде өткізілген педагогикалық кеңесте лицейдің «Әдеп кеңесінің» төрағасы Курманбаева Алия Акынкожаевна «Педагогтің моральдық-адамгершілік бейнесі» тақырыбында баяндама жасады. Баяндаманың мақсаты – педагогтердің кәсіби қызметіндегі адамгершілік құндылықтардың маңызын арттыру, ұстаздың тұлғалық бейнесін жетілдіру және білім беру үдерісінде этикалық нормаларды сақтау мәселелерін талқылау болып табылды. Баяндама барысында педагогтің
Қоғамдық-гуманитарлық кафедрасының онкүндігі қорытындыланды
30
март
2026
Қоғамдық-гуманитарлық кафедрасының онкүндігі қорытындыланды
Қоғамдық-гуманитарлық кафедрасының онкүндігі 2025–2026 оқу жылының жоспарына сәйкес 2026 жылдың 9–20 ақпан аралығында өткен онкүндік қорытындыланып, лицей ұстаздарына есеп берілді. ✨ Онкүндік барысында: 🔹 Ашық сабақтар мен түрлі танымдық іс-шаралар ұйымдастырылды 🔹 Оқушылардың білімге деген қызығушылығы артты 🔹 Шығармашылық және сыни ойлау дағдыларын дамытуға бағытталған жұмыстар жүргізілді 📊 Өткізілген жұмыстар нәтижесі талданып, тәжірибе алмасу жүзеге асты. Барлық ұстаздар мен белсенді
Science and Technology халықаралық байқауы
29
март
2026
Science and Technology халықаралық байқауы
Тунис елінде өткен I-FEST² – International Festival of Engineering, Science and Technology халықаралық байқауында 🏆 Бостандық ауданы, М.Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейдің 11-сынып оқушылары Кабдолов Аслан мен Улдаханова Аянат 🥇 АЛТЫН МЕДАЛЬ иегері атанды!  Жетекшісі: Зиябек Карлыга Мұратқызы Бұл байқау – әлемнің 40-тан астам елінен жиналған жас ғалымдар мен өнертапқыштардың басын қосқан ірі ғылыми алаң. Қатысушылар өз жобаларын қорғап, инновациялық идеяларын халықаралық сарапшылар
Республикалық “Математикалық регата” байқауы
27
март
2026
Республикалық “Математикалық регата” байқауы
Республикалық “Математикалық регата” байқауында Махатма Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейдің математика мұғалімі Кадирбеков Батыр жүлделі 🥉 3-орын иеленді! Шын жүректен құттықтаймыз! Алар асуларыңыз көп болсын, жаңа жетістіктер тілейміз!