Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
“Білім берудегі жасанды интеллект: Canva & Google Gemini” байқауы
20
декабрь
2024
“Білім берудегі жасанды интеллект: Canva & Google Gemini” байқауы
Алматы қаласы мұғалімдеріне арналған “Білім берудегі жасанды интеллект: Canva & Google Gemini” байқауына Қуанбаева Бағдат II дәрежелі дипломымен марапатталды.
«Болашақ директорлар қауымдастығы» форсайт сессиясы
20
декабрь
2024
«Болашақ директорлар қауымдастығы» форсайт сессиясы
Алматы қаласы директорларының сарапшылар қауымдастығы үшін ұйымдастырылған «Болашақ директорлар қауымдастығы» форсайт сессиясына  лицейіміздің директоры Шажабаева Кульжан Сауытқызы қатысты.  Білім беру ортасында кәсіби өсуге ұмтылуда және Алматы қаласында табысты, бәсекеге қабілетті мектептерді құруда, менеджмент жүйесін дамытуға белсенді үлес қосқаны үшін сертификатпен марапатталды. 👏🏻👏🏻👏🏻 Құттықтаймыз!!!
Коучинг-сессия: «Жасанды интеллект мұғалімнің құралы ретінде: оқыту тиімділігін арттыру"
19
декабрь
2024
Коучинг-сессия: «Жасанды интеллект мұғалімнің құралы ретінде: оқыту
2024 жылдың 19 желтоқсанында  Махатма Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейде әдістемелік семинарда «Озық тәжірибе мектебі» мұғалімдері  Алимбекова Халима Пернехановна мен Абжамиева Бахытгуль Кожановна  «Жасанды интеллект мұғалімнің құралы ретінде: оқыту тиімділігін арттыру" – ai арқылы оқыту тәсілдерін жетілдіру жолдары» аты тақырыпта лицей мұғалімдеріне коучинг-сессия өткізді. Іс-шара жасанды интеллект (ЖИ) қазіргі білім беру саласында атқаратын рөлі туралы болды. ЖИ оқыту процесін
Лицей ұстаздары Алғыс хатпен марапатталды
19
декабрь
2024
Лицей ұстаздары Алғыс хатпен марапатталды
Алматы қаласының білім беру жүйесіне және жас ұрпаққа өнегелі тәрбие беру ісіне сіңірген еңбегі мен тәуелсіз еліміздің рухани-әлеуметтік дамуына қосқан үлесі үшін төмендегі лицейіміздің мұғалімдері Алғыс хатпен марапатталды: 1.Усенова Сандуғаш Сабыровна  2.Кауымбаев Сунатулла Абдуғаниұлы 3.Төреқұлов Қамбар Талғатұлы 4.Утегенова Айгул Альхаровна
Шахматтан Словенияда өткен Әлем Чемпионаты
17
декабрь
2024
Шахматтан Словенияда өткен Әлем Чемпионаты
М.Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейдің 10 “Ә” сынып оқушысы Асылов Мирас шахматтан Словенияда өткен Әлем Чемпионатында Рапидтен күміс, блицтен қола жүлдеге ие болды. Сені шахматтан әлемдік деңгейдегі үлкен жеңісіңмен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл жеңіс – сенің еңбегіңнің, табандылығыңның және ақыл-парасатыңның жарқын дәлелі. Сенің жетістігің бүкіл мектеп ұжымы мен ел мақтанышы! Сенің жеңісің жас буынға шабыт беріп, шахматқа деген қызығушылықты арттырары сөзсіз. Алдағы уақытта да жаңа
«Almaty CUP II» қалалық пікірсайыс турнирі
17
декабрь
2024
«Almaty CUP II» қалалық пікірсайыс турнирі
Алматы қаласының 8-11(12) сынып окушылары арасында Британдық Парламенттік Формат бойынша өткен әкім кубогіне арналған «Almaty CUP II» қалалық пікірсайыс турнирінде 1 орын алғаны үшін 11 «Б» сынып оқушысы Сұлтанғазиев Аянби марапатталды. Дебаттағы жетістігі үшін Apple Watch сыйлығы табысталды. Құттықтаймыз!
Лицей ұстаздарының құттықтауы
16
декабрь
2024
Лицей ұстаздарының құттықтауы
Сіздерді еліміздің ең ұлы мерекесі – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Тәуелсіздік – халқымыздың сан ғасырлар бойы аңсаған арманы, баға жетпес байлығы. Бұл күн – ата-бабамыздың ерлігі мен қажыр-қайратының жемісі, бүгінгі ұрпақтың мақтанышы мен болашағының кепілі. Сіздер, құрметті ұстаздар, тәуелсіз елдің білімді, рухы биік ұрпағын тәрбиелеу жолында аянбай еңбек етіп келесіздер. Сіздердің әр шәкіртіңіз – еліміздің жарқын болашағының іргетасы. Сіздердің
Шахматтан өткен Азия чемпионаты
15
декабрь
2024
Шахматтан өткен Азия чемпионаты
Лицейіміздің оқушысы Оспанова Аделя шахматтан өткен Азия чемпионатында командалық нәтижелері: Классикалық шахматтан 1-орын Рапидтен 1-орын Блицтен 2-орын Құттықтаймыз!
«Ғылым болашағы» ғылыми жобалар байқауы
14
декабрь
2024
«Ғылым болашағы» ғылыми жобалар байқауы
Лицей директоры Шажабаева Кульжан Сауытқызы «Ғылым болашағы» атты ғылыми жобалар байқауында  жүлделі 3-орын алған оқушыларды құттықтады. Бостандық ауданы әкімі мен аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен өткізілген жалпы білім беретін мектептердің 5-7 сынып оқушылары арасындағы «Ғылым болашағы» атты ғылыми жобалар конкурс-көрмесінде 3 орын алғаны үшін 7«Б» сынып оқушылары: 1.Құдайберген Арай 2.Жақсылық Кемел марапатталды.   Жетекшісі:Математика пәні мұғалімі Утегенова Айгүл
Экологиялық хакатон сайысы
13
декабрь
2024
Экологиялық хакатон сайысы
Нұрланұлы Бақдәулет Қазақстандағы БҰҰ Балалар қоры (UNICEF) мен Әлеуметтік-экологиялық қормен серіктестікте ұйымдастырылған экологиялық хакатонда үздік нәтижеге қол жеткізді. Бұл ірі іс-шараға көптеген талантты командалар қатысты, бірақ олардың арасынан Бақдәулеттің инновациялық идеясы ерекше танылды. Ол хакатонның ең жоғары марапатын жеңіп алып, бірінші орынға ие болды. Жобаның маңыздылығы мен тиімділігіне сүйене отырып, оған 500 000 теңге көлеміндегі грант бөлініп, бұл қаражат оның