26
февраль
2025
Әдеби сайыс: «Білімдіден шыққан сөз»
26 ақпан 2025 жылы қоғамдық-гуманитарлық пәндер мұғалімдері бірлестігінің онкүндігі мен «Алаш идеясы – ұлттық идея Темірқазығы» лицей концепциясы аясында 11-сыныптар арасында ұлтымыздың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған «Білімдіден шыққан сөз» тақырыбында әдеби сайыс өткізілді.
🔰Іс-шараның мақсаттары:
• оқушыларға Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығына қатысты қосымша ақпарат ұсыну;• білім алушыларды әдеби сайысқа қатыстыру арқылы А.Құнанбайұлының шығармашылығын жан-жақты талдау мен зерделеуге баулу;• оқушыларды ізденіске дағдыландыру;• ұлттық құндылықтарды насихаттау.Әдеби сайыста лицей түлектері 5 айналым бойынша білімін таразыға салды:
1-айналым. «Сырға толы ғақлия». Абайдың қарасөздерін талдау.
2-айналым. «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы». Ақын өлеңін нақышына келтіріп оқу, ой-тұжырым жасау.
3-айналым. «Өнерпаз болсаң арқалан...» Абайдың аударма шығармаларына интерпретация жасау.
4-айналым. «Әнді сүйсең, менше сүй». Сазгердің ұсынылған әнін шырқау.
5-айналым. «Мен бір жұмбақ адаммын». Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған «Білімдіден шыққан сөз» презентациясын таныстыру.
Қазылар алқасының шешімі бойынша 11 «В» сыныбының «Жидебай» тобы 1-орын, 11 «Г» сыныбының «Қырандар» тобы 2-орын, 11 «А» сыныбының «Сөз маржаны» тобы 3-орын, 11 «Б» сыныбының «Білім қазынасы» тобы 4-орын алды.
Пән мұғалімі: Мунасаева Р.Н.