Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
17
октябрь
2025

«Жеті жұрттың тілін біл» байқауы

17.10.2025ж. Алматы қаласы Білім басқармасы ҚББЖТҒӘ орталығы мен Бостандық ауданы Білім бөлімі ұйымдастыруымен «Жеті жұрттың тілін біл» байқауы М.Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицей базасында өтті.
♻️Байқауға Бостандық ауданы бойынша 34 мектеп қатысуға өтінім беріп, барлық оқушылар қатысты. Қатысушылар қазақ тілінен «Көп тіл меңгеру - тұлға дамуының баспалдағы» тақырыбында эссе жазды.
Орыс тілі пәнінен шешендік өнерін байқау мақсатында ауызша берілген тақырыпта өз ойларын еркін жеткізу қабілеттері бағаланды.
Ағылшын тілінен тест тапсырмаларын орындады.

♻️Жұмыстарының қорытындысы мен комиссия мүшелері шешімімен
🥇I орын – М.Мақатаев атындағы №140 гимназия, О.Жандосов атындағы №105 гимназия оқушылары,
🥈II орын – №21 гимназия, №40 ЖББМ, №190 ЖББМ, SHAM SCHOOL мектебінің оқушылары,
🥉III орын - №21 гимназия, М.В. Ломоносов атындағы №38 Қазақстан-Ресей гимназиясы, №65 мектеп-гимназия, №81 мектеп-гимназия, №88 ЖББМ, М. Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицей, М.Базарбаев атындағы №138 гимназия, Әл-Фараби атындағы №145 мектеп-гимназия, №165 мамандандырылған лицей, «Тұран Лицей» мектебі мектеп оқушылары марапатталды.