Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Инновациялық идеялар байқауы
20
сентябрь
2023
Инновациялық идеялар байқауы
20.09.2023ж. «Ұлы Өнертапқыштыққа алғашқы қадам» инновациялық идеялар байқауының қалалық кезеңінде лицейіміздің оқушылары төмендегідей жетістіктермен марапатталды: 1-орын Миятқызы Мереке 1-орын Мәлік Құлмұхаммед 1-орын Мереке Амир 2-орын Мұратбек Ұлар Құттықтаймыз!
Сынып сағаты: «Буллинг және кибербуллинг дегеніміз не?»
19
сентябрь
2023
Сынып сағаты: «Буллинг және кибербуллинг дегеніміз не?»
19.09.2023 күні 6 «А» сыныбында сынып жетекшісі Утегенова Айгуль Альхаровна «Буллинг және кибербуллинг дегеніміз не?» атты тәрбие сағатын ұйымдастырып өткізді.  🔰Мақсаты: -оқушыларға буллинг және кибербуллинг түсініктерімен таныстыру. -әртүрлі танымал нәрсеге қызығушылық танытпауға оқушыларды тәрбиелеу. -қауіпті сайттардан оқушыларды арашалау.
Сынып сағаты: «Ұлттық мұраны, қазақ тілін ұлықтау»
19
сентябрь
2023
Сынып сағаты: «Ұлттық мұраны, қазақ тілін ұлықтау»
19.09.2023 ж. 9«Ә» сыныбына сынып жетекшісі Дәукен Мөлдір «Ұлттық мұраны, қазақ тілін ұлықтау» атты сынып сағатын өткізді. 🔰Мақсаты:  1. Оқушыларды өз ана тілінің қадір –қасиетін біліп, өз ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйрету.  2. Тіл әуезділігін, көркемдігін, байлығын, шешендігін көрсететін нақыл сөздер, мақал-мәтелдер арқылы оқушы дүниетанымын, ой өрісін дамыту.  3. Тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу, шешендік өнерді оқушы
Сынып сағаты: «Ұлттық мұраны, қазақ тілін ұлықтау»
19
сентябрь
2023
Сынып сағаты: «Ұлттық мұраны, қазақ тілін ұлықтау»
19.09.2023 ж. 8 “Д” сыныбында сынып жетекшісі Арын Нұрсұлу Дәулетбекқызы «Ұлттық мұраны, қазақ тілін ұлықтау» атты сынып сағатын өткізді. Мақсаты: Оқушыларға мемлекеттік тілдің өркендеп, оянуына, мемлекеттік тілімізді сүюге, мемлекеттік тілді аяққа баспай, мәртебесін биік ұстау жөнінде, әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері, салт - дәстүрі, діні, тіл ерекшелігі болатынын түсіндіру. Оқушылардың ой - өрісін, дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту, жұрт алдында еркін ауыз екі сөйлеуге баулу.
Кәсіптік бағдар беру семинары
19
сентябрь
2023
Кәсіптік бағдар беру семинары
Махатма Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицей оқушылары Каспий университетінде өткен кәсіптік бағдар беру семинарына қатысты.
Математика пәні мұғалімдері кафедрасы айлығының ашылуы
18
сентябрь
2023
Математика пәні мұғалімдері кафедрасы айлығының ашылуы
Махатма Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейде 18.09.2023 ж. 5-сыныптардың қатысуымен математика пәні мұғалімдері кафедрасы айлығының ашылуы өтті.  Мақсаты: Сапалы білім беру негізінде пәнге деген қызығушылығын арттыру, математика ғылымы негізінде танымдық қабілеті  мен ойлау деңгейін арттыра отырып шығармашылық деңгейін дамыту. Оқушыларға логикалық сұрақтар қойылып, белсенді жауап берген оқушыларға сыйлық берілді.
Apple Fest іс-шарасы
17
сентябрь
2023
Apple Fest іс-шарасы
17.09.2023ж. 5 «Ә» сынып оқушылары Алматы туған күніне орай ұйымдастырылған Apple Fest іс-шарасына қатысты.
TV SHOW клубы
15
сентябрь
2023
TV SHOW клубы
Хабарландыру! М.Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицей "Smart kids" қызығушылықты дамыту орталығында TV SHOW клубына қабылдау жүріп жатқанын хабарлаймыз! Клуб жетекшісі: Қуанбаева Бағдат.
Радиобайланыс клубы
15
сентябрь
2023
Радиобайланыс клубы
Хабарландыру! М.Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицей "Smart kids" қызығушылықты дамыту орталығында радиобайланыс клубына қабылдау жүріп жатқанын хабарлаймыз! Клуб жетекшісі: Саду Жазира.
Танымдық сабақ: «Тарихы терең-Алматы»
15
сентябрь
2023
Танымдық сабақ: «Тарихы терең-Алматы»
15.09.2023ж. күні «Алматы - Тәуелсіз Қазақстанның мерейі» атты қала күніне орай өтілген апталық аясында лицейдің тарих пәні мұғалімі Нурмухамедов Азамат «Тарихы терең-Алматы» тақырыбында 7-сынып оқушыларына танымдық сабақ өтті.