Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Қыздар жиналысы: "Қыз тәрбиесі - қоғам тәрбиесі"
26
сентябрь
2023
Қыздар жиналысы: "Қыз тәрбиесі - қоғам тәрбиесі"
ДТЖЖО Абылқасым М.Б. мен лицей психологтары   Полатбекова Ә.Н. мен Турсунбекова А.Б.  7-9  сынып оқушыларымен  қыз бала бойындағы адамгершілік, имандылық пен ибалықты, талғамдықты сіңіру, үлкенді сыйлайтын, кішіге қамқор болатын, білімді, білікті тұлға қалыптастыру  мақсатында  «Қыз тәрбиесі – қоғам тәрбиесі»  атты қыздар жиналысын өткізді.  Жиналыс барысында: Абылқасым М.Б. қыздарға лицейдің ішкі тәртіп ережесі, мектеп формасының сақталуы, гигиеналық тәрбие жайында ақпарат беріп өтті.
Қарттар мерекесіне орай дөңгелек үстел
26
сентябрь
2023
Қарттар мерекесіне орай дөңгелек үстел
26.09.2023ж. Қарттар мерекесіне орай дөңгелек үстел өткізілді. 🔰 Мақсаты: Оқушыларға отбасы құндылығы халқымыздың асыл қасиеттерін сіңіру, үлкенді сыйлау, ата-бабасын ұмытпай, салт-дәстүрден нәр алып өсуіне, инабаттылыққа, аталы сөзден ғибрат алуға үйрету. Қатысқандар: 7 «А» сынып оқушылары Сынып жетекшісі: Несипбергенова Ф. Дайындаған: кітапханашы Джангабаева З.
Web жобалау клубы
25
сентябрь
2023
Web жобалау клубы
25.09.2023 Web жобалау клубы Сабақтың тақырыбы: Менің алғашқы сайтым 🔰Мақсаты: HTML, CSS тілінде алғашқы сайттарын жасау
Дәріс: «Ұқыпты, сәнді киіне білу»
25
сентябрь
2023
Дәріс: «Ұқыпты, сәнді киіне білу»
25.09.2023ж. күні 5-сынып ұлдары лицейіміздегі «Азамат» ұлдар ұйымының мүшелігіне қабылданды. «Ұқыпты, сәнді киіне білу» ұлдардың сырт келбетіне назар аударуға ақыл-кеңес беру жұмыстары жүргізілді.
Пайдалы ақпарат:  «Үнемді тұтыну»
25
сентябрь
2023
Пайдалы ақпарат: «Үнемді тұтыну»
25.09.2023ж. күні оқушыларға «Үнемді тұтыну» тақырыбы бойынша лицейде орналасқан ауыз су бұрқағы туралы пайдалы ақпарат берілді. Ауыз су бұрқағы-жартылай автоматты ішетін кранмен жабдықталған таза ауыз су көзі.Су бұрқағының моделі-биіктігі бір метрден сәл аз, берік, тот баспайтын болаттан жасалған цилиндрлік құрылғы. Сүзгілі, тазартылған ауыз су ағыны мен шүмегі бар раковина. Тұтынушылардың микробиологиялық қауіпсіздігінің жоғары деңгейін қамтамасыз етеді.Лицейдің әр қабатында орналасқан ауыз
"Almaty Ustazy-2023" қалалық конкурсы
23
сентябрь
2023
"Almaty Ustazy-2023" қалалық конкурсы
"Almaty Ustazy-2023" жас мұғалімдердің қалалық конкурсында лицейіміздің  физика пәні бойынша ||-дәрежелі дипломмен Рамазанова Ақбаян Азаматқызы марапатталды. Математика пәні бойынша |||-дәрежелі дипломмен Шалқар Бекзат Қырқынбайұлы марапатталды. Құттықтаймыз!
Мұхтар Ауезов атындағы драма театрында өткен бір күн
23
сентябрь
2023
Мұхтар Ауезов атындағы драма театрында өткен бір күн
23.09.2023ж. 8 «В»сынып оқушыларымен Мұхтар Ауезов атындағы драма театрында өткен бір күн.  🔰Спектакль “Қара” - Абай Құнанбайұлының қара сөздеріне негізделген. Жас ұрпаққа өмірдің мәнін ұғынуға, уақытты босқа өткізбей, Жүрек, Ақыл, Қайратты біріктіріп, ғылым іздеуге жетелейді. #мухтарауезовдраматеатры
Нұсқаулықпен таныстыру:  «Ата-аналарды педагогикалық қолдау»
21
сентябрь
2023
Нұсқаулықпен таныстыру: «Ата-аналарды педагогикалық қолдау»
21.09.2023ж. күні лицейде сынып жетекшілерге «Ата-аналарды педагогикалық қолдау» бойынша сабақтар өткізу жөніндегі нұсқаулықпен таныстыру жұмыстары жүргізілді.
ПББ тапсыратын мұғалімдерге арналған әдістемелік семинар
21
сентябрь
2023
ПББ тапсыратын мұғалімдерге арналған әдістемелік семинар
2023-2024 оқу жылының қыркүйек –желтоқсан айларында біліктілік талаптарына сәйкес келетін санатқа ПББ тапсыратын мұғалімдерге апналған әдістемелік семинар болды. Тақырыбы: «Педагог кадрларды аттестаттау туралы» Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 5 бабын орындауда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығына (өзгерістер мен түзетулер енгізілген ҚР Білім және ғылым министрінің 30.12.2022 № 533 бұйрығы)  негізінде жұмыс жасау.
Дөңгелек үстел: "Білім негізі-тәрбие"
20
сентябрь
2023
Дөңгелек үстел: "Білім негізі-тәрбие"
20.09.2023ж. күні лицей оқушыларымен директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Абылқасым Мөлдір Бақбергенқызы дөңгелек үстел өткізді.