Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Лицей ұстаздары референдумға қатысты
15
март
2026
Лицей ұстаздары референдумға қатысты
М.Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицей ұстаздары референдумға қатысып, ел болашағына деген жауапкершіліктерін көрсетті. Ұстаздар – тек білім беруші ғана емес, қоғамның белсенді мүшесі. Сондықтан лицей ұстаздары маңызды қоғамдық-саяси науқаннан тыс қалмай, өз таңдауларын жасады. Ел болашағы – әрқайсымыздың қолымызда. Бірге – жарқын болашаққа! 
“Dosbollike” бағдарламасына байланысты жиналыс
13
март
2026
“Dosbollike” бағдарламасына байланысты жиналыс
“Dosbollike” бағдарламасына байланысты онлайн зум платформасы арқылы жиналыс өткізілді. “Dosbollike” бағдарламасын жүзеге асыру аясында онлайн форматта Zoom платформасы арқылы жиналыс ұйымдастырылды. Жиналыс барысында бағдарлама мазмұны, мақсаты және оны оқу-тәрбие процесінде тиімді жүзеге асыру жолдары талқыланды. Қатысушылар оқушылар арасында достық, өзара сыйластық пен қолдау мәдениетін қалыптастырудың маңыздылығына тоқталып, бағдарламаны іске асыру бойынша ұсыныстарын ортаға салды. Сонымен
Мектебіміз бен №14 кітапхана өзара ынтымақтастық меморандумға қол қойды
13
март
2026
Мектебіміз бен №14 кітапхана өзара ынтымақтастық меморандумға қол
Махатма Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицей мен 📖 Алматы қаласы кітапханалар жүйесіне қарасты №14 кітапхана өзара ынтымақтастықты дамыту мақсатында меморандумға қол қойды. 🎯 Келісімнің басты мақсаты – оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, ✨ рухани-мәдени құндылықтарды насихаттау және білім беру мен кітапхана арасындағы байланысты нығайту. 📌 Меморандум аясында: -әдеби кездесулер -мәдени-танымдық іс-шаралар -кітап көрмелері -түрлі бірлескен жобалар ұйымдастыру жоспарлануда.
9-11 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың қалалық кезеңі
12
март
2026
9-11 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың қалалық
Жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінің марапаттау рәсімі болып өтті. Лицей оқушылары жүлделі орындарға ие болды: Аязбай Каусар - биология пәні бойынша 3-орын, жетекшісі: Абу Н. Қабдолов Аслан - химия пәні бойынша 3-орын, жетекшісі: Зиябек К. Улдаханова Аянат - химия пәні бойынша 3-орын, жетекшісі: Мықтыбек Т. Армиян Исмаил - география пәні бойынша 2-орын, жетекшісі: Сатылған А. Сұлтан Ханифа - Қазақ тілі мен әдебиеті пәні
Лицейде тоқсандық жиынтық бағалау жұмыстарын жазылды
11
март
2026
Лицейде тоқсандық жиынтық бағалау жұмыстарын жазылды
М.Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейінде 5–11 сынып оқушылары тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) жұмыстарын жазды. ТЖБ – оқушылардың тоқсан бойы алған білімін саралап, оқу жетістіктерін бағалауға арналған маңызды кезең. Біздің оқушылар бұл тапсырмаларды үлкен жауапкершілікпен орындап, өз білімдерін көрсете білді. Барлық оқушыларға сәттілік тілейміз! Білім жолындағы табыстарыңыз арта берсін! 
Кәсіптік бағдар беру жұмыстары
11
март
2026
Кәсіптік бағдар беру жұмыстары
Бүгін Махатма Ганди атындағы №92 лицейдің 9-сынып оқушылары «Алматы электромеханикалық колледжі» КМҚК КГКП «Алматинский электромеханический колледжінде» өткен Ашық есік күніне барып қайтты. Оқушылар колледждің мамандықтарымен танысып, оқу орынның материалдық базасын көріп, болашақ мамандықтары туралы пайдалы ақпарат алды. Іс-шараға оқушыларды кәсіби бағдар беруші Ереже Мадияр Азаматұлы апарып, оқушыларға болашақ мамандық таңдауда бағыт-бағдар берді.
«Мәшһүр Жүсіп оқулары» байқауы
10
март
2026
«Мәшһүр Жүсіп оқулары» байқауы
«Мәшһүр Жүсіп оқулары» республикалық байқауының қалалық кезеңінде 10 «В» сынып оқушысы Мусабаев Расул жүлделі 3-орынға ие болды!  Жас дарынның бұл жетістігі – оның білімге деген талпынысы мен еңбегінің нәтижесі. 👩🏻‍💼Жетекшісі – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Мунасаева Рая Нуровна. Расулды және жетекшісін шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы байқауларда биік белестерді бағындыруына тілектеспіз! 
«XXI ғасыр көшбасшысы» республикалық интеллектуалдық жобасы
09
март
2026
«XXI ғасыр көшбасшысы» республикалық интеллектуалдық жобасы
Білімді жас – ел болашағы! Лицейіміздің дарынды оқушысы Мұхаметқали Арайлым «Хабар» телеарнасындағы «XXI ғасыр көшбасшысы» республикалық интеллектуалдық жобасына қатысып, өз білімін дәлелдеп, сертификат иегері атанды. Жас зияткерімізді шын жүректен құттықтаймыз! Жетістіктеріңіз көп болсын! 💐💐💐 👩🏻‍💼Жетекшісі:Абылқасым М.Б.
Мерекелік концерт: «Әлемді тербеткен нәзіктік»
06
март
2026
Мерекелік концерт: «Әлемді тербеткен нәзіктік»
Көктемнің ең шуақты мерекесі – 8 наурыз қарсаңында мектебімізде әйел затына арналған «Әлемді тербеткен нәзіктік» атты мерекелік іс-шара өтті. Бұл кеш – анаға деген құрметтің, әйелге деген ілтипаттың,нәзіктік пен мейірімнің көрінісі болды. Іс-шараны ерекше ықыласпен дайындап, жүректен шыққан өнерлерін көрсеткен ұйымдастырушылар – 8-сынып оқушылары. Барша аналарымыз бен аруларымызға бақыт, денсаулық, шуақты көктем тілейміз! 
Тұран университетін таныстыру
06
март
2026
Тұран университетін таныстыру
05.03.2026ж. М.Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицей 11-сынып оқушыларына Тұран университетінің студенттері келіп, өз университеттері туралы кеңінен таныстырып, оқу мүмкіндіктері мен студенттік өмір жайында қызықты мәліметтермен бөлісті. Сонымен қатар, 11-сынып оқушыларымен кездесуге техника ғылымдарының докторы, профессор Жанбиров Жумажан Гинаятович арнайы келіп, Тұран университетіндегі білім беру мүмкіндіктері туралы жан-жақты айтып берді. Ол оқушыларға болашақ мамандықты дұрыс таңдаудың