Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Халықаралық шахмат турнирі: «Ljubljana Chess festival 2025»
06
май
2025
Халықаралық шахмат турнирі: «Ljubljana Chess festival 2025»
Махатма Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейдің 10 «Ә» сынып оқушысы Асылов Мирас «Ljubljana Chess festival 2025» Халықаралық шахмат турнирінде 9 турдан 7 ұпай жинап, 150 қатысушы қатысқан турнирде 3-орын жеңімпазы атанды. Лицей ұжымы Мирасты әуежайдан күтіп алып, жеңісімен құттықтады! Құттықтаймыз💐
«Мәшһүр-Жүсіп оқулары» байқауы
06
май
2025
«Мәшһүр-Жүсіп оқулары» байқауы
Республикалық «Мәшһүр-Жүсіп оқулары» байқауының қалалық кезеңінде «Алдыма өлең жаз деп қалам келген,сөзімді сөйлеп бақтым менде білген» бағыты бойынша III дәрежелі орын жүлдегері Телібай Ескендір. Құттықтаймыз💐
«Кітап білім бұлағы» байқауы
06
май
2025
«Кітап білім бұлағы» байқауы
Алматы қаласы Білім басқармасының «Алматы дарыны» орталығының ұйымдастыруымен халықаралық балаларды қорғау күні мерекесіне арналған «Алматы BALAFEST - 2025» фестиваль аясында «Кітап білім бұлағы» байқауының 9-11 сынып жас тобы арасында «Поэтикалық баттл» номинациясы бойынша аудандық кезеңінің II орын  жеңімпазы Телібай Ескендір. Құттықтаймыз💐
Математика пәні мұғалімдеріне арналған  қалалық олимпиада
06
май
2025
Математика пәні мұғалімдеріне арналған қалалық олимпиада
Қазақстанның тұңғыш Еңбек Ері, «Алтын жұлдыз», «Отан» орденінің иегері,педагогикалық ғылымдар академиясының академигі Миразова Аягүл Төреқызы атындағы математика пәні мұғалімдеріне арналған  қалалық олимпиадасының жүлдегері Абухан Нұржан Нұрғалиұлы I дәрежелі дипломымен марапатталды. Құттықтаймыз!💐
“Жас сарбаздар шеруі” әскери-патриоттық сапта ән айту шеруі сайысы
05
май
2025
“Жас сарбаздар шеруі” әскери-патриоттық сапта ән айту шеруі сайысы
05.05.2025ж. күні Алматы электромеханика колледжі мен Алматы қаласы Бостандық ауданы жалпы білім беретін мектептері арасында өткен 9 мамыр - Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған “Жас сарбаздар шеруі” әскери-патриоттық сапта ән айту шеруі сайысына М.Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейдің оқушылары қатысып, ІІІ орынға ие болды. 🔰Бұл іс-шараның басты мақсаты – білім алушылар арасында әскери-патриоттық сезім қалыптастыру, ұжымдық рухты күшейту, өзара көмек пен достық қатынасты тәрбиелеу болып
Іс-шара: «Ұлы Отан соғысының 80 жылдығына»
05
май
2025
Іс-шара: «Ұлы Отан соғысының 80 жылдығына»
2025 жылдың 05 мамыр күні «Мектептен тыс оқыту - білім көзін кеңейту» жобасы аясында Қазақстан Республикасының Орталық Мемлекеттік мұражайында «Ұлы Отан соғысының 80 жылдығына» орай өткізілген іс-шараға Махатма Ганди атындағы № 92 мамандандырылған лицейдің 9 «В» сынып оқушылары қатысты.
Сынып сағаты: «Отбасы: дәстүр мен құндылықтың алтын ұясы»
05
май
2025
Сынып сағаты: «Отбасы: дәстүр мен құндылықтың алтын ұясы»
5 мамыр 2025 жылы 5 «А» сыныбында «Отбасы: дәстүр мен құндылықтың алтын ұясы» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.  🔰Сынып сағатының мақсаттары: - Халықаралық отбасы күні туралы ақпарат беру; - оқушыларды отбасылық құндылықтарды дәріптеуге тәрбиелеу. 🔰Сонымен қатар «Әлеуметтік желілердегі мінез-құлық қағидалары» тақырыбында қауіпсіздік сабағы өткізілді. Қауіпсіздік сабағының мақсаты: -оқушыларды әлеуметтік желідегі қауіпсіздік қағидаларымен таныстыру.
Сынып сағаты: «9 мамыр – Жеңіс күні»
05
май
2025
Сынып сағаты: «9 мамыр – Жеңіс күні»
05.05.2025ж.8 «Г» сыныбында «9 мамыр – Жеңіс күні» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. 🔰Мақсаты: Балаларды адамгершілікке, отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Оларға патриоттық тәрбие беру. Балаларды Ұлы Отан соғысымен, Қазақстандықтардың ерлік істерімен, таныстырып, ой өрісін дамыту. Балаларды үлкен адамдарды сыйлай білуге, оларды қадірлеуге тәрбиелеу.