29
апрель
2026
Тағылымды кездесу: «Лицейден – үлкен ғылымға»
29 сәуір күні Махатма Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейде Физика-информатика айлығы аясында «Лицейден – үлкен ғылымға» атты тағылымды кездесу өтті.
🔬 Кездесу барысында еліміздің білім мен ғылым саласындағы қара шаңырағы — Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғалымдары лицей оқушыларымен жүздесіп, ғылымның қыр-сыры, заманауи мамандықтар, университеттегі білім алу мүмкіндіктері және болашаққа бағыт-бағдар туралы құнды ақпараттармен бөлісті.
👨🏫 Қонақтар қатарында:
— физика-математика ғылымдарының кандидаты, профессор, ҚР Ғылым және техника саласы бойынша Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Досболаев Мерлан Қылышұлы
— физика-математика ғылымдарының кандидаты, ассистент-профессор Габдуллина Гулмира Лайкеевна
— PhD, ассистент-профессор Кенжебекова Ақмарал Игілікқызы
— PhD, жас ғалым Жумадилов Рахымжан
💡 Кездесу аясында лицейіміздің жас зерттеушілері өз ғылыми жобаларын таныстырып, ғалымдар тарапынан жоғары баға алды. Мамандар олардың болашағы зор екенін атап өтіп, ғылыми ізденісті тоқтатпай, әрі қарай дамытуға кеңес берді.
💬 Сонымен қатар оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, еркін пікір алмасып, ғылым әлеміне тағы бір қадам жақындай түсті.
✨ Осындай мазмұнды кездесулер жас ұрпақтың ғылымға деген қызығушылығын арттырып, үлкен жетістіктерге жетелейді деп сенеміз!