Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
06
май
2026

Халықаралық деңгейдегі Uzbekistan First Championship жарысы

29–30 сәуір күндері Өзбекстанда халықаралық деңгейдегі Uzbekistan First Championship жарысы өтті. Бұл чемпионатқа әр мемлекеттен үздік әрі тәжірибелі командалар қатысып, робототехника саласындағы білімдері мен шеберліктерін көрсетті.

Осы беделді жарыста Алматы қаласы М. Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейінің URAN 92 командасы FTC санаты бойынша қатысып, жоғары нәтиже көрсетіп, лицейіміздің абыройын асқақтатты.

Командамыз жарыс қорытындысы бойынша:

🏆 Innovate Award Winner — 1 орын
🥈 Control Award — 2 орын

марапаттарына ие болды.

Бұл жетістік — оқушылардың табандылығының, үздіксіз еңбегінің, шығармашылық ізденісінің және командалық бірлігінің айқын нәтижесі.

Команда құрамы:
* Серік Нұртас
* Берадали Аспандияр
* Мақсұт Хусейн
* Абдулла Арнур
* Дауылұлы Еламан
* Мереке Амир
* Нарифқұл Амир

Команда жетекшісі:
Ергеш Нұрсұлтан

Команданың дамуына қолдау білдіріп, сенім артқан мектеп директоры Шажабаева К.С. ханымға және әрдайым жанашырлық танытып, демеу болған ата-аналарға шын жүректен алғыс білдіреміз.

URAN 92 командасын халықаралық деңгейдегі жеңісімен құттықтаймыз!
Алда бұдан да биік белестер, жаңа жетістіктер мен үлкен жеңістер күтіп тұр!