27
апрель
2026
«Жас маман-2026» байқауы
27.04.2026ж.М.Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейде жас педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру, шығармашылық әлеуетін дамыту мақсатында «Жас маман-2026» байқауы өткізілді.
👩🏫👨🏫 Байқауға лицейдің жас мамандары қатысып, өздерінің педагогикалық біліктілігі мен жаңашылдығын бірнеше кезең бойынша жоғары деңгейде көрсетті.
🔹 Байқау кезеңдері:
✨ «Жас маманның бір күні» – қатысушылар күнделікті жұмысын бейнеролик арқылы таныстырып, кәсіби қызметі мен ұйымдастырушылық қабілетін көрсетті.
✨ «Менің педагогикалық тұжырымдамам» – әр қатысушы өз оқыту ұстанымы мен әдіс-тәсілдерін қорғады.
✨ «ҚМЖ қорғау» – қысқа мерзімді жоспарларын таныстырып, сабақ құрылымын тиімді ұйымдастыру шеберлігін дәлелдеді.
✨ «Жағдаяттық тапсырмалар» – педагогикалық жағдайларды шешу арқылы кәсіби біліктіліктерін көрсетті.
✨ «Менің хоббиым» – қатысушылар шығармашылық қырларын ашып, жан-жақтылығын танытты.
🌟 Байқау барысында жас мамандар заманауи білім беру талаптарына сай әдістерді тиімді қолдана білетіндерін көрсетті.
🏆 Әділқазылар алқасы әр кезең бойынша қатысушылардың кәсіби құзыреттілігіне, шығармашылығына және өзін-өзі ұстау мәдениетіне жоғары баға берді.
🤝 Бұл байқау жас педагогтердің кәсіби дамуына серпін беріп, тәжірибе алмасуға және өзара ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етті.