17
апрель
2026
11-сынып ата-аналарының қатысуымен жиналыс өткізілді
Махатма Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейде «11-сынып: ҰБТ нәтижелері мен қорытынды аттестаттау талаптары және ата-анамен бірлескен әрекет» тақырыбында 11-сынып ата-аналарының қатысуымен маңызды жиналыс ұйымдастырылды. Жиналыстың негізгі мақсаты – бітіруші сынып оқушыларының оқу жетістіктерін саралау, алдағы мемлекеттік емтихандарға дайындық барысын талқылау және ата-ана мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайту болды.
🔹 Лицей директоры Шажабаева К.С. «Бітіруші сынып – жауапты кезең: мектеп пен ата-ананың ортақ міндеті» тақырыбында баяндама жасап, оқушылардың табысты болашағы үшін бірлескен жұмыстың маңыздылығын атап өтті.
🔹 ДОЖЖО Абылқасым М.Б. 11-сынып оқушыларының ҰБТ нәтижелеріне талдау жасап, қорытынды аттестаттауды өткізу тәртібімен таныстырды.
🔹 ДТЖЖО Қуандықова Ә.С. ата-аналарды «Ақшалай қаражат жинауға тыйым салу туралы» бұйрықтармен таныстырып, заң талаптарын түсіндірді.
🔹 Педагог-психолог Полатбекова Ә.Н. «Ата-ана мен мектеп ынтымақтастығы» тақырыбында сөз сөйлеп, оқушыларға қолдау көрсету және үй жағдайында тиімді дайындық ұйымдастыру жолдарын ұсынды.
Жиналыс барысында ата-аналар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерімен бөлісті.
📚 Бітіруші сынып – әрбір оқушының болашағын айқындайтын маңызды кезең. Сондықтан мектеп пен ата-ана арасындағы тығыз байланыс – табыстың басты кепілі.