Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ата-аналар жиналысы: «Біртұтас тәрбие: Ұлттық құндылықтың ұясы – отбасы»
15
январь
2025

Ата-аналар жиналысы: «Біртұтас тәрбие: Ұлттық құндылықтың ұясы – отбасы»

2025 жылдың 15 қаңтар күні Махатма Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейдің ұйымдастыруымен «Біртұтас тәрбие: Ұлттық құндылықтың ұясы – отбасы» тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы өтілді.
🔸Жаңа форматтағы ерекше жиналыс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінде өтті.
🔹Мақсаты – ұлттық құндылықтарды дәріптеп, ұрпақ тәрбиесінде отбасының маңыздылығын арттыру, ата-ана мен бала қарым-қатынасын нығайту, патриоттық рух пен салт-дәстүрлерді ұрпаққа жеткізу.
🔸Күн тәртібінде:
•Біртұтас тәрбие: Ұлттық құндылықтың ұясы – отбасы»
Лицей директоры: Шажабаева К.С.
Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары: Қуандықова Ә.С.
•«Лицей мақтанышы: дарынды оқушылар – болашақ көшбасшылары»
Директордың бейіндік оқыту жұмысы жөніндегі орынбасары: Абылқасым М.Б.
•Тренинг
Педагог-психологтар: Турсунбекова А.Б., Полатбекова А.
•Музейге экскурсия 

🔹Жиналысты лицей директоры Кульжан Сауытқызы керемет көңіл-күймен бастап, ата-аналарға жағымды атмосфера сыйлады.
🔸Күн тәртібіне сәйкес жиналыс тақырыбының мазмұнын ашып, өзекті мәселелерге, жарты жылдық бойынша білім сапасының мониторингісіне тоқталып өтті. 
🔹Білімді ұлт тәрбиелеуде ұстаздың орны ерекше екендігін айта отырып, лицей мұғалімдерінің елеулі жетістіктерін атады.

🔸Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Әлия Сейілханқызы «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының үздіксіз атқарылып келе жатқан жұмыстарының оң нәтижелері туралы баяндама оқыды.

🔹Директордың бейіндік оқыту жұмысы жөніндегі орынбасары Мөлдір Бақбергенқызы «Лицей мақтанышы: дарынды оқушылар – болашақ көшбасшылары» тақырыбында оқушылардың
түрлі деңгейдегі сайыстар мен олимпиадаларда жеткен жарқын нәтижелеріне тоқталса, лицей педагог-психологтары ата-аналарға тренинг өткізіп, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
🔸Жоспарға сәйкес ата-аналар музейге экскурсия жасап, құнды жәдігерлер мен көрмені тамашалады.

🔹Жиналыс соңында ата-аналар лицей директоры Кульжан Сауытқызына, лицей әкімшілігі мен ұстаздарға ерекше алғысын білдіріп, жаңа форматтағы жиналысқа шынайы алғыстарын айтып, ризашылдығын білдірді.