13
апрель
2026
Кәсіби бағдар беру жұмыстары
Кәсіби бағдар беру: Болашаққа нық қадам!
Бүгін, 13 сәуір күні, Махатма Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицей оқушылары Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өткен ЖОО филиалдарының көрмесіне қатысты.
Алматы қаласы Білім басқармасының қолдауымен ұйымдастырылған бұл шараның мақсаты — мектеп бітіруші түлектерге мамандық таңдауда бағыт-бағдар беру. Кездесу барысында оқушыларымыз:
* Университет филиалдарының білім беру бағдарламаларымен танысты;
* Оқуға түсу шарттары мен ҰБТ мәселелері бойынша кеңес алды;
* Заманауи мамандықтардың қыр-сырын білді.
Біздің оқушылар үшін бұл — өз қабілеттерін шыңдап, болашақ кәсібін дұрыс таңдауға жасалған маңызды қадам. Білімді ұрпақ — ел ертеңі!