Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
13
апрель
2026

Сынып сағаты: «Зиянды тағамдарға құмарлықтан арылу»

13.04.2026 ж. 6 «Ә» сыныбында «Зиянды тағамдарға құмарлықтан арылу» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.

🎯 Негізгі мақсаты:
Оқушыларға зиянды тағамдардың ағзаға әсерін түсіндіру, дұрыс тамақтану мәдениетін қалыптастыру және салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.

✨ Сынып сағаты барысында:
– Оқушылардың дұрыс тамақтануға деген қызығушылығы артты;
– Пайдалы және зиянды тағамдар туралы түсініктері кеңейді;
– Фастфуд пен тәтті сусындардың зияны түсіндірілді.

Оқушылар белсенді қатысып, өз ойларымен бөлісіп, пайдалы әдеттерді таңдаудың маңызын түсінді.