Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
06
апрель
2026

Сынып сағаты: «Денсаулық – зор байлық»

06.04.2026 ж.9«А» сыныбында «Денсаулық – зор байлық» тақырыбында сынып сағаты ұйымдастырылды. Сынып сағаты барысында оқушылар денсаулықтың адам өміріндегі маңызы туралы ой бөлісіп, салауатты өмір салтын ұстанудың негізгі қағидаларымен танысты.

🎯 Мақсаты:
Оқушыларды салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу, тазалыққа, ұқыптылыққа және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға баулу.

Сабақ барысында түрлі пікірталастар, сұрақ-жауаптар және танымдық тапсырмалар ұйымдастырылып, оқушылар белсенділік танытты. Әр оқушы денсаулықтың ең үлкен байлық екенін түсініп, өз өміріне пайдалы әдеттерді енгізудің маңызын ұғынды.

💚 Денсаулық – әр адамның басты байлығы екенін ұмытпайық!