Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
10
апрель
2026

Қалалық Таланттар Саммиті

2026 жылғы 9–10 сәуір күндері №214 ЖББМ-де Ғылым күніне орай 9–11 сынып оқушыларына арналған Қалалық Таланттар Саммиті өтті.

🎓 Аталған іс-шараға лицейіміздің ғылыми жобалар байқауларында жүлделі орындарға ие болған дарынды оқушыларымыз қатысты:

🔹 Қабдолов Аслан
🔹 Улдаханова Аянат
🔹 Әубәкір Арда
🔹 Махмет Балнур
🔹 Жамаш Әсем
🔹 Жалғасбек Бекжан
🔹 Жақсылыкқызы Лейла
🔹 Мухажан Арайлым
🔹 Айболқызы Лейла
🔹 Васина Диана

🚀 Саммиттің негізгі мақсаты – оқушылардың зияткерлік әлеуетін дамыту, жобалық және зерттеу дағдыларын қалыптастыру, сондай-ақ педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға бағытталған тұрақты қалалық экожүйе құру.

📚 Іс-шара аясында:
✔️ Оқушыларға арналған шеберлік сағаттары мен жобалық жұмыстар ұйымдастырылды
✔️ Педагогтер үшін 16 академиялық сағат көлемінде біліктілікті арттыру бағдарламасы өтті
✔️ Информатика, математика, физика, химия және биология пәндері қамтылды

🌟 Білім мен ғылымға деген қызығушылықты арттыру жолында жасалған маңызды қадам!