Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
26
март
2025

Лицей оқушылары «Менің атым Қожа» көркем фильмін тамашалады

26.03.2025ж.Көктемгі демалыс кезінде 9«Г» сынып оқушылары  сынып жетекшісі Мықтыбек Таңірбергенмен бірге «Менің атым Қожа» көркем фильмін тамашалап қайтты.🎬
🔰Мақсаты:Қазақ әдебиетінің көрнекті туындыларының бірімен тереңірек танысу және оның тәрбиелік мәнін түсіну. 

🎙️Оқушылардың пікірі:

Махмет Балнұр:Фильмге бару арқылы біз шығарманың кейіпкерлерін көзбен көріп, олардың мінез-құлқын, өмірлік ұстанымдарын жақсырақ түсіндік. Қожаның өмірге деген көзқарасы, оның басынан өткен қызықты оқиғалары бізге үлкен әсер қалдырды. Сонымен қатар, фильмнің негізгі идеясы – тәртіпті болу, ата-ананы сыйлау, еңбекқорлық пен адалдық сияқты құндылықтарды бойымызға сіңіруге көмектесті.

Рахимбай Тыныс:Біз үшін бұл кинотуындының тәрбиелік мәні зор болды. Өйткені Қожа сияқты әрбір бала өмірде өз орнын табуға, өз мінез-құлқын өзгертуге, жақсы азамат болуға ұмтылады. Фильмді көру арқылы біз де өзімізге сабақ алдық. 

Сынып жетекшісі: Мықтыбек Таңірберген Бақытжанұлы:Бұл фильм – Бердібек Соқпақбаевтың Менің атым Қожа повесінің желісі бойынша түсірілген және қазақ киноөнерінің алтын қорына енген туындылардың бірі. Осындай кинотуындыларға балаларды жиі алып келу тарихымызды терең түсінуге және рухани дамуға үлкен ықпал етеді.