Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
14
январь
2026

«FIZMAT Education Fair – 2026» халықаралық білім көрмесі

FIZMAT Education Fair – 2026 ✨📚
2026 жылғы 14 қаңтарда «XXII Халықаралық Жәутіков олимпиадасы» аясында Алматы қаласы, Бұқар жырау көшесі, 36 мекенжайында орналасқан Республикалық физика-математика мектебінде «FIZMAT Education Fair – 2026» халықаралық білім көрмесі өтті . Іс-шара сағат 10:00–16:00 аралығында ұйымдастырылды ⏰.
Аталған білім көрмесіне Махатма Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейдің 9-сынып оқушылары қатысты 👩‍🎓. Оқушылар түрлі жоғары оқу орындарының өкілдерімен сұхбаттасып , университетке түсу тәртібі, білім беру бағдарламалары және мамандықтар туралы пайдалы ақпарат алды 📖.
Көрме оқушылардың кәсіби бағдарын айқындап 🧭, болашақ мамандықты саналы таңдауға мүмкіндік берді