Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
06
декабрь
2025

«Үздік авторлық бағдарлама – 2025» конкурсы

Алматы қаласында 4–6 желтоқсан аралығында өткен республикалық «Үздік авторлық бағдарлама – 2025» конкурсында
химия пәнінің мұғалімі — Каумбаев Суннатулла Абдуғаниұлы
ғылыми-жаратылыстану бағытында ІІ орын иеленді! 🎉

Бұл байқауға еліміздің әр өңірінен 215 педагог, оның ішінде 40 мұғалім химия, биология, география пәні мұғалімдері қатысып, өз авторлық бағдарламаларын қорғады.

Суннатулла Абдуғаниұлының ұсынған авторлық бағдарламасы кәсіби жаңашылдығымен, ғылыми негізділігімен және оқушылардың зерттеушілік қабілетін дамытуға бағытталған тиімді мазмұнымен ерекшеленді.

📚 Бұл жеңіс — ұстаздың еңбегі мен үздіксіз ізденісінің нәтижесі.
Оқушыларға сапалы білім беруге деген талпынысы, шығармашылық көзқарасы мен кәсіби шеберлігі лайықты бағасын алды.

Мектебіміздің абыройын арттырып, республика көлемінде үздік нәтиже көрсеткені үшін
Каумбаев Суннатулла Абдуғаниұлына алғыс білдіреміз!

✨ Жетістігіңіз құтты болсын!
Жарқын жеңістеріңіз көп болсын!