Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
26
ноябрь
2025

Білім беру ісіне үлес қосқан көшбасшыларды марапаттау рәсімі

2025 жылдың 26 қарашасында педагогтерді қолдау және олардың кәсіби құзыреттілігін арттыруды мақсат еткен маңызды да мазмұнды шара өтті. Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы Саифеденов Сайран Тәпенұлының бастамасымен 💼 ҚББЖТҒӘО базасында «Ұстаз» кәсіподақ ұйымымен 🤝 бірлесіп, Байғұттинов С.К.-ның қатысуымен салтанатты марапаттау рәсімі ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында білім беру ісіне үлес қосқан көшбасшыларға Құрмет грамоталары 🏅, арнайы сыйлықтар 🎁 және куәліктер табысталды.

Бұл марапаттар «Ұстаздық мектеп» жобасына белсенді атсалысып, басқарушылық құзыретін жоғары деңгейде көрсеткен ұйым басшыларына арналды 🌟.

Осы айтулы күні Махатма Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейдің директоры Шажабаева Күлжан Сауытқызы👩‍🏫 жас директорларға тәлімгерлік жасап, «Білім берудегі өзгерістің 1000 көшбасшысы» кадрлық резервіндегі педагогтерге әдістемелік қолдау көрсетудегі жоғары кәсібилігі үшін Алғыс хатпен марапатталды🏆.

Бұл — Махатма Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицей директоры Шажабаева Күлжан Сауытқызының еңбегіне берілген лайықты баға ✨, ұжым үшін үлкен мақтаныш! 🤗

Шын жүректен құттықтаймыз! 💐💐💐
Жетістіктеріңіз мол болсын!